Ресей ҚР-дағы тілдік реформаға қарсы

Қазақстан қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшіруге көп көңіл бөлуде. Билік бұл жобаны іске асыруды жылдамдатуда. Әліпби бекітілмегеніне қарамастан, ғимараттарда тақтайшалар латынша жазылып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы латын әліпбиіне көшу туралы бұйрыққа қол қойды. Назарбаев алғаш рет 2012 жылы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесін көтерген болатын. Бүгінде ҚР-дағы билік басындағылар жергілікті халық арасында қазақ тілінің рөлін басым ету үшін көп күш салуда. ҚР-да үкімет нақты позицияны ұстанады — қазақ тілі жергілікті халық өмірінде әлеуметтік, саяси, мәдени және басқа салаларында басым болуы керек.

ҚР депутаттары мектептерде мемлекеттік тілді бірініші орынға қоюға баса назар аударады. Орташа статистикалық азамат тілдің тәуелсіз және егеменді мемлекет құрудағы басты элементтердің бірі екенін ойлап басын қатырмайды. Мемлекеттік тіл ел халқын біртұтас ұлт ретінде топтастырады.

Ресейлік сарапшылардың айтуынша, тілдік реформаның шығыны көп, орынсыз және жалпы білім деңгейін төмендетеді. Ресейлік БАҚ Қазақстанда ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылатын орыс тілінің мәртебесіне нұқсан келтіріліп жатқаны туралы мақалаларды жарыса жазды.

Мемлекеттік тіл және оның латын әліпбиіне көшуі елдің тәуелсіздігі мәселесінде маңызды элемент болып табылады.

Добавить комментарий