Беларусьте заңсыз баға көтергендерге қарсы күрес күшейтіледі. Елдiң әкiмшiлiк кодекстерiне жүкқұжаттағы бағалар туралы жалған мәлiметтер бергені үшiн жауапкершiлiк енгiзу ұсынылды.
Депутаттар тауарлар мен қызметтердің бағасын шарықтатқаны үшін жауапкершілікті толықтыратын ӘҚБтК-ге түзетулерді екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.
Бүгін Доғал залда Ұлттық жиналыстың төменгі палатасының сессиялары өтіп жатыр.
Беларусь парламентінің төменгі палатасының спикері Владимир Андрейченко атап өткендей, «Әкімшілік жауапкершілік мәселелері бойынша кодекстерді өзгерту туралы» заң жобасы депутаттық бастама болып табылады.
Ол ел президентінің бағаны көтеруге жол бермеу туралы директивасына биыл қазан айында қол қойылғанын еске салды.
Өнеркәсіп, ЖЭК, көлік және байланыс жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Василий Панасюк заң жобасын таныстыра отырып, әкімшілік кодекстерге тауар, тауар-көлік жүкқұжаттары — бастапқы құжаттардағы бағалар туралы жалған мәліметтер үшін айыппұлдар енгізілетінін атап өтті.
Жеке кәсіпкерлер үшін 20 базалық сомаға дейін және заңды тұлғалар үшін мәлімделген соманың 10%-ына дейін айыппұл салу ұсынылады.
Еске салайық, Беларусьтегі баға өсімін тоқтату туралы шешім қазан айының басында қабылданды. Алдымен елімізде баға мораторий енгізілді. 5 қазандағы жағдай бойынша баға тіркелді. Оларды тек мемлекеттік органдардың рұқсатымен ғана көтеруге болатын. Осы орайда МАРТ бизнес пен мемлекеттік құрылымдарға арналған үш түсіндірме жариялады.
Содан кейін 19 қазанда жаңа құжат — № 713 қаулы қабылданды, ол бір рет өзгертілді. Мәселен, бағалары шектелген тауарлар тізімінен сән-салтанат заттары мен гүлдерді алып тастады. Осы қаулы бойынша МАРТ сегіз ресми түсіндірме жариялады.