Беларусь тергеу комитеті 9 тамыздан бастап осы күнге дейін Минскіде болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер мен қоғамдық тәртіпті бұзу туралы қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда. Nexta Live Telegram-арнасының негізін қалаушы Степан Путило мен бас редактор Роман Протасевич Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталуда.
Степан Путило мен Роман Протасевичке қатысты қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын жаппай тәртіпсіздіктер мен топтық әрекеттерді ұйымдастырды деп, оларды айыпталушылар ретінде тарту туралы қаулы шығарылды.
“Бұдан бөлек, аталған адамдарға қатысты ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қыркүйек айына дейін олар құрған және басқаратын Telegram-арналары арқылы екі кәсіби-әлеуметтік топқа — билік өкілдеріне және құқық қорғау органдарына қатысты кәсіби тұрғысынан әлеуметтік араздықты қозғауға бағытталған қасақана іс-әрекеттер жасағанына байланысты қылмыстық іс қозғалды», — деп толықтырды Беларусь тергеу комитетінде.
Қазіргі уақытта Степан Путило мен Роман Протасевич мемлекетаралық іздеуде.
Степан Путило жақында Беларусьте соттың шешімі бойынша экстремистік ретінде танылған Nexta Live Telegram-арнасының негізін қалаушысы болып табылады. Роман Протасевич оның бас редакторы болды.