Беларусь үстінен ұшуға тыйым салынуы мүмкін

АҚШ пен ЕО билігі Беларусь үстінен ұшуға тыйым салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

АҚШ Конгресі Сенатының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Роберт Менендес (Нью-Джерси штатынан демократ) Ұлыбритания, Ирландия, Латвия, Литва, Польша, Чехия және ГФР елдерінің бірқатар заң шығарушыларымен бірлесіп Ryanair әуе компаниясының ұшағы шұғыл қонуына және Беларусьтк экстремисттік деп танылған NEXTA Telegram-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевичтің ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады

«Біз Халықаралық азаматтық авиация ұйымын [ICAO] халықаралық еркін әуе транзитінің айқын бұзылуын және авиацияға қауіп төндіруді дереу тергеуге шақырамыз. Тергеу аяқталғанға дейін біз Белорусьті ұйымнан шеттетуге және барлық рейске Беларусь үстінен, соның ішінде елге ұшып баруға және елден ұшуға тыйым салуға», — делінген жексенбі күні Менендестің баспасөз қызметі жариялаған құжатта.

Бұдан басқа, заң шығарушылар НАТО мен ЕО елдерін Беларусь басшылығына қарсы санкциялар енгізуге және «Еуропадағы демократияға одан әрі шабуыл жасау үшін Интерпол мен басқа да халықаралық ұйымдарды пайдалану мүмкіндігін тоқтата тұруға» шақырды. «Бұл ақылға қонымсыз әрекет жолаушылар мен экипаж мүшелеріне үлкен қауіп төндірді», — делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, мәтінде республикада «ЕҚЫҰ бақылауымен еркін сайлау» өткізу қажеттігі туралы да айтылған. «Біз Роман Протасевич пен басқа да саяси тұтқындарды дереу және ешқандай шартсыз босатуға шақырамыз», — делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік! 23 мамырда Ryanair әуекомпаниясының ұшағы Минскіге шұғыл қонған болатын. Минск әуежайының баспасөз қызметі шамамен сағат 14:00-де Афина-Вильнюс бағытында ұшып келе жатқан Ryanair ұшағының шұғыл қонғанын мәлімдеді.

FlightRadar мәліметінше, ол Белорусьтің батыс бөлігінің үстінен ұшып келе жатып, Литвамен шекараға жақын жерде Минскіге қарай бұрылған.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшқыштар бомба қойылғаны туралы хабарлады және ұшақ сәтті қонды. Бомба қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Беларусь ТК қауіп туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық іс қозғады.

Өз кезегінде Литва халықаралық әуежайың операторы ұшақ жолаушылар мен экипаж мүшелерінің бірімен арасында шыққан жанжалға байланысты шұғыл қонғанын хабарлады. Онда қажанжалдың қтығыстың себебі анықталмаған.

Кейінірек Ryanair компаниясы беларустық диспетчерлерден ұшақты Минскіге ұшақты қондыру туралы нұсқау алғанын мәлімдеді. Әуекомпания аталған оқиға туралы Еуропаның барлық бейінді ұлттық қауіпсіздік қызметтерін хабардар етті.

Беларусь Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақпен ілесіп жүру үшін МиГ-29 жойғыш ұшағының кезекші экипажы әуеге көтерілген.

Минсктік БАҚ өкілдері Беларусь президентінің әкімшілігімен байланысы бар «Пул Первого» Telegram-арнасына сілтеме жасап, Александр Лукашенко Минскіде ұшақты қондыру туралы бұйрықты өзі берген деп хабарлады.

Минск әуежайында нақтылағандай, бортта 123 жолаушы болған. Өз кезегінде Литва бұл рейсте 12 елдің 170-ке жуық жолаушысы, оның ішінде 90-нан астам литвалық азамат болғанын мәлімдеді.

Литва СІМ Белоруссияның Литвадағы уақытша сенімді өкілін шақырды. Литва президенті Гитанас Науседа ұшақты Минскіге мәжбүрі түрде қондырды деп есептейді.

Ұшақ Минск әуежайынан сағат 20:50 мск шамасында Вильнюске ұшып шыққаны хабарланды.

Литва СІМ басшысы Габриэлюс Ландсбергис сағат 21:37-те мск ұшақ Вильнюске қонды деп хабарлады.

Добавить комментарий