Беларусьте Alpen Pharma швейцариялық фармацевтикалық компаниясының басшысы қамауға алынды.
Бұл туралы Беларусь бас прокуратурасы хабарлады.
Компания өкіліне қатысты тексеру қорытындысы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Гродно қаласының прокуроры Alpen Pharma AG өкілдігінің басшысына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын сагкциялады», — деп мәлімдеді прокуратура.
Қылмыстық іс материалдарында күдікті екі жыл бойы «Alpen Pharma AG өкілдігінің атынан жүйелі түрде гомеопатиялық және дәрілік заттарды ілгерілеткені үшін медицина қызметкерлеріне заңсыз ақшалай сыйақы бергені» айтылған.
Аталған акционерлік қоғамның облыстар мен Минск қаласы бойынша барлығы 12 өкілі қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.
Бұған дейін Белорусьте республикаға лаңкестік шабуылдар жасауға келген топ мүшелері ұсталған болатын.