Беларусь саясаттанушысы Польша шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Беларусь саясаттанушысы Алексей Дзермант Беларусь-Польша шекарасындағы жағдайға түсініктеме беріп, оны драмалық деп атады. Саясаттанушының пікірінше, жағдай ушығып барады.

«Жағдай шиеленісіп барады. Егер шекарада атыс басталған болса, енді бұл қарулы қақтығысқа да әкеліп соғады. Қазір Литвада шекарашылар мигранттарға оқ атып, Беларуське қарай кері қайтарып жатыр. Литва шекарашылары Беларусь тарапына оқ атып жатыр, ал біздің шекарашыларымызға оқ тиіп кетпеуіне кім кепілдік береді?

Бұл жағдай ушығып кетуі мүмкін. Литва мен Беларусь әскерилері қолдарына қару алып атысуы мүмкін, ал олардың арасында Литва күш қолданып аумағынан қуған босқындар болады. Қазір Литва билігі босқындардың ел аумағына кіргеннен кейін қалдырмаму үшін, оларға қарсы физикалық және психологиялық күш қолдануға белсене кірісті. Оларды бірден Беларуське кері қайтаруға мәжбүрлейді. Ал Беларусь бұған жол бермеудің амалын жасап жатыр. Себебі бұл Беларусьтың ойынша, шекарадан өту тәртібін бұзу болып табылады. Яғни, шекарадағы жағдай шиеленісіп тұр, өте қауіпті», — дейді сарапшы.

Добавить комментарий