Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қытайға барады

Беларусь Президенті Александр аспан асты еліне сапары барысында Лукашенко ҚХР басшылығымен бірлескен жобалар мен әлемдегі қалыптасқан жағдайды талқылайды.

Оның сапары 28 ақпаннан 2 наурызға дейін жалғасады.

Лукашенко ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен барады.

Мемлекет басшылары бірлескен жобаларды іске асыру мен халықаралық ахуалды талқылайды. Сапар барысында түрлі салалардағы ынтымақтастық жөніндегі құжаттардың үлкен пакетіне қол қойылады деп күтілуде.

«Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді. Сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ауқымды жобаларды іске асыру, саяси саладағы өзара іс-қимыл, қазіргі заманғы халықаралық жағдайдағы ең өткір сын-қатерлерге ден қою мәселелері басты назарда болады», — деп хабарлады Беларусь президентінің баспасөз қызметі.

Өткен жылдың қыркүйек айында Самарқандта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында өткен екіжақты кездесуде Беларусь пен Қытай көшбасшылары «жан-жақты стратегиялық әріптестік» қатынастарын жаңа деңгейге шығару туралы бірлескен декларация қабылдады. «Қол жеткізілген жетістіктерді талдау және және қарым-қатынастардағы жаңа деңгейдің әлеуетін тәжірибеде барынша іске асыру мемлекет басшыларының назарында болады», — деп атап өтті президент баспасөз қызметі.

Алдағы сапар «Қытаймен достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынасын орнатуға арналған көпжылдық бағыттың» жалғасы болмақ. Бейжіңде Лукашенко сондай-ақ ҚХР-ның жоғары лауазымды тұлғаларымен және жетекші Қытай корпорацияларының басшылығымен кездесулер өткізеді.

Добавить комментарий