Беларусь: Польшалық журналист 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Беларусьтің Гомель қаласында поляк журналистіне қатысты айыптау үкімі шығарылды, оған сәйкес ол бес жылға бас бостандығынан айырылды,

Хабарланғандай, польшалық TVP журналисі Ирина Слауникова «Белсатта» да жұмыс істеген.

Слауниковаға «экстремистік құрылым құрды» деген айып тағылды. Сот процесі бір айдан астам уақыт бойы жабық есіктің артында өтті. 3 тамызда ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Баспасөз бостандығы, сөз бостандығы және көзқарасты ашық білдіру құқығы — демократияның негізгі қағидаттары. Журналист Ирина Слауниковаға қатысты Лукашенко режимінің үкімі — 5 жыл колония — бұл абсолютті жанжал, барлық өркениеттік нормаларды, адам құқықтары мен журналистердің құқығын бұзу», — деп мәлімдеді Моравецкий.

Беларусьтің «Вясна» құқық қорғау орталығының мәліметінше, қазір Беларусьте сотталған адамдардың кем дегенде 1253-сі саяси тұтқын.

Добавить комментарий