Беларусь қорғаныс қабілетін нығайтуға ниетті

Беларусь премьер-министрі Роман Головченко сыртқы саяси курсында бейбітшілікті қалайтынын мәлімдеді. Алайда Беларусь елге қарсы экономикалық агрессияға байланысты қорғаныс қабілетін нығайтуға көп көңіл бөлуге мәжбүр екенін атап өтті.

Бұл туралы Беларусь премьер-министрі Роман Головченко сәрсенбі күні, MILEX-2021 10-шы Халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесінің ашылуында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

«Беларусь бейбітсүйгіш сыртқы саяси бағыт жүргізуде. Біз әрқашан континентте жаңа шиеленісті жағдайды басуға, еуропалық қауіпсіздіктің жан-жақты қамтитын жаңа жүйесін құруға шақырдық, біз әрқашан барлық елмен және халықтармен өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылдық. Сонымен қатар, әлемде орын алған күрделі жағдай да, экономикалық агрессивті әрекеттер де бізді қорғаныс қабілетін нығайту проблемасына көңіл бөдуге мәжбүрлейді», — деп атап өтті беларусь үкіметінің басшысы.

Добавить комментарий