Беларусь Республикасының Бас прокуроры президенттікке бұрынғы кандидат Светлана Тихановскаяға және BYPOL оппозициялық ұйымының қатысушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Бас прокуратура Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен ІІМ ұсынған материалдар негізінде Тихановскаяға және BYPOL деп аталатын ұйымның қатысушыларына қатысты Қылмыстық кодекстің 289-бабы (» терроризм актісі»- ред.) бойынша ұйымдасқан қылмыстық топпен терроризм актісін дайындағаны үшін қылмыстық іс қозғады. Аталған тұлғалар осыдан бірнеше күн бұрын елорда мен басқа да қалалардың аумағында жарылыстар мен өрт қоюға жасауға дайындалған. Қылмыс үстінде ұсталған азамат (Вячеслав) Малейчук терактінің ұйымдастырушылары мен қатысушылары туралы айтып берді», — деді республиканың бас прокуроры Андрей Швед.
Швед атап өткендей, тергеп-тексеру материалдарынан ұйымдастырушылардың жоспарына мемлекеттік билік органдарының өкілдеріне адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттер жасады деген айып тағу кіргені белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, Беларусь ІІМ 26 наурызда Печтегі (Минск облысы) әскери бөлімде теракт жасамақ болған 35 жастағы ер адамның ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Құқық қорғау органдары қылмыстың жолын кесіп, қолдан жасалған жарылғыш заттарды тәркілеп, залалсыздандырды. ІІМ мәліметінше, ұсталған адам BYPOL оппозициялық ұйымымен байланыста болған, аталған ұйымның өкілінен ішкі істер органы немесе әскери құрылым аумағында жарылыс жасау туралы тапсырма алған.