Беларусь Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетіне байланысты енгізілген елде маска тағуды міндеттейтін режимді алып тастағанын мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрінің тиісті қаулысы ведомствоның ресми сайтында жарияланды.
20 қазанда жарияланған қаулыға сәйкес, 9 қазанда енгізілген санитарлық нормалар мен ережелерден 41 тармақ алынып тасталады, ол тұрғындарды ғимараттың ішінде маска тағуға және әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндеттейді. Сондай-ақ, бұл пункт жолаушылар мен такси жүргізушілеріне қорғаныс құралдарын пайдалануға міндеттеді.
Президент Лукашенко халықты мазақ қылмауды талап етті: Беларусьте бетперде тағу режимі алынып тасталды
Бұған дейін Александр Лукашенко Беларусьте маска тағуға міндеттейтін режимді сынға алыпп, «халықты мазақ қылмауды» талап еткен болатын. Сондай-ақ, ол қоғамдық орындарда маска тақпағаны үшін салынатын айыппұлды алып тастады.
Бұл ретте елде індет өршіп барады. Беларусь Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралуына байланысты жоспарлы медициналық көмек көрсетуді тоқтатты, бұған дейін ведомство профилактикалық медициналық тексеру жүргізуді тоқтатқан болатын. Дәрігерлердің айтуынша, аурухана бөлімшелері коронавирус жұқтырған пациенттерге толып қалған.
Соңғы тәуліктің ішінде, халықтың күдігін тудырған ресми статистика бойынша Беларусьте коронавирустың 2097 жағдайы тіркелді, 17 адам қайтыс болды. Беларусьтегілер COVID-19-ға тест тапсыру қиын екенін, ал дәрігерлер індетке шалдыққан науқастардың үйіне келмейтінін айтып шағымданаып отыр.