Беларусь Ұлттық қауіпсіздік комитеті Минскіде ұсталған, халықаралық іздеуде болған блогер Роман Протасевич Украинадағы соғыс әрекеттеріне қатысқанын хабарлады. «Азов» батальонының құрамында жалдамалы жауынгер ретінде соғысқан.
МҚК төрағасы Иван Тертель бұл туралы депутаттардың ел президенті Александр Лукашенкомен кездесуі кезінде, парламентте сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
«Осы тұлғаның Украинаның Оңтүстік-шығысындағы бейбіт халықтың өмрін қиған және жауыздығымен танымал «Азов» батальоны құрамындағы қанды оқиғаларға қатысқан террористің сипаттамасына толық сәйкес келетіні даусыз.
Бұл тек бізде қолда бар деректер мен тергеу амалдарынан алынған мәліметтер емес, сонымен қатар Протасевичтің өзі мойындап, БАҚ беттерінде кең таралған факт», — деді МҚК басшысы.
Оның айтуынша, Протасевич Украинада алған тәжірибесін Белоруссияда белсенді қолданған: «Ол бейбіт халық пен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі болды. Ол заңнамамыз бойынша экстремистік деп танылған интернет-арналардың бірінің жетекшісі».Тертель сондай-ақ Протасевич республикада бүлік шығарған ұйымның демеушілері туралы айтып беретінін хабарлады.
Тертель сондай-ақ Протасевич республикада бүлік шығарған ұйымның демеушілері туралы айтып беретінін хабарлады.
Бүгін ЛХР-да Протасевичке қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.