Беларусь ІІМ ел аумағында босқындарға байланысты қалыптасқан жағдайға қатысты түсініктеме берді.
ІІМ басшысы Иван Кубраков Ұлттық жиналыстың Өкілдер палатасында (төменгі палатада) сөйлеген сөзінде: «Республика аумағындағы босқындарға қатысты жағдай бақылауда екенін айтқым келеді. Беларусь Республикасының аумағында проблемалық мәселелер жоқ», — деді Беларусь ІІМ басшысы.
Оның айтуынша, «әртүрлі Telegram-каналдарда заңсыз мигранттар деген атпен содырлар тобы өтіп жатқаны туралы ақпарат таралып жатыр». «Мен Ішкі істер министрі ретінде құқық қорғау органдары жағдайды толық бақылапуда ұстап отырғанын айтқым келеді», — деп атап өтті ведомство басшысы.
Ол Беларусь үкіметі 368 босқын көмек сұрап жүгінгенін хабарлады. «Мемлекет тарапынан барлығына көмек көрсетіледі. Қонақ үйде орналасуға, баспанада тұруға мүмкіндігі жоқ 56 азамат бізге жүгінді», — деп толықтырды Кубраков. Ол сондай-ақ бүгінгі таңда Витебск және Гомель облыстарында босқындарға көмек көрсету үшін арнайы пункттер құрылғанын, онда «оларға барлық қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетілетінін» атап өтті. «Тағы бір мәрте қайталап өтемін, бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ», — деді Беларусь ІІМ басшысы.