Еуропалық басылымның мәліметінше, Беларусь келесі жылы Туринде өтетін «Евровидение-2022» байқауына қатыспайды.
DW басылымы жазғандай, байқауды ұйымдастырушылар 21 қазанда жариялаған тізімде Беларусь болмаған.
«Евровидение» байқауын ұйымдастырушы Еуропа хабар тарату одағына мүше Белтелерадиокомпания (БТРК) мамыр айында одақтан шығарылған. Бұған беларусьтік «Галасы ЗМеста» тобының даулы әні себеп болды.
Беларусь «Евровидениеге» «Галасы ЗМеста» тобын «Я научу тебя» деп аталатын әнімен жібермек болған. Бұл әнінде «Галасы ЗМеста» тобы Беларусьтегі наразылық шерулерінің көшбасшылары мен қатысушыларын мазақ қылған.
ЕХО 10 наурызда «Белтелерадиокомпанияға» жаңа әнді Евровидение ережелеріне сай болатындай етіп өзгертіп ұсыныду талап еткен. «Белтелерадиокомпания» жауап ретінде дәл сол орындаушының жаңа әнін жіберді.
Еуропалық хабар тарату одағы өз шешімін елдің жіберген өтініші байқаудың саяси емес сипатына шек келтіріп, оның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін екендігімен түсіндірді.
«Евровидениеге» барлығы 41 елдің өкілдері қатысады.