Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Бейінді министрлік қазақстандық мұғалімдердің сайлау кезіндегі жұмысына түсініктеме берді

12 января 04:50 / Опубликовано в Қоғам

Үшінші тоқсаннан бастап орта мектептердің бітіруші сынып оқушылары офлайн режимінде оқи бастайды. Үшінші оқу тоқсан басталуына жақын қалғанда қазақстандық мектептердің мұғалімдері ауру жұқтыру қаупіне қарамастан, сайлауда жүрді.

“Бұл олардың жеке азаматтық шешімі” – деп түсіндірді Білім министрлігі.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың қатысуымен өткен онлайн-брифингте журналистер 10 қаңтарда дауыс беру пункттерінде қанша педагог жұмыс істегенін сұрады. Каринова мұғалімдерді жұмысқа ешкім тартпағанын айтты.

“Педагог мәртебесі туралы” Заң қабылданды. Оған сәйкес, мұғалімдерді кәсіби міндеттерімен байланысты емес жұмысқа тартуға болмайды. Егер мұндай фактілер болса, бізде білім сапасын бақылау бойынша өңірлік департаменттер бар, олар осындай мәселелерді қарастырады. Егер мұғалімдер тарапынан арыздар түссе, онда тиісті шаралар қабылданады. Ал сайлауға қатысу – әр педагогтың жеке азаматтық шешімі”, – деді білім вице-министрі.

Журналистің “Демек, Білім министрлігіне демалыс күні қанша мұғалім жұмысқа шыққаны қызықтырмайма?” деген сауалына Шолпан Каринова жауап бермеуді жөн көрді.

Оның үстіне, келесі күні мұғалімдер мектепке жұмысқа шығуға мәжбүр болды, бірақ оқушыларды оқытуға емес, үй-жайларда дезинфекция жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болды. Бұл туралы Білім министрлігі хабардар ма, жоқ па, сонымен қатар бейінді арнайы ұйымдардан мектептерде дезинфекция жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді ме, жоқ па ол да нақтыланбады.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайланды. Сайлау қорытындысы бойынша Nur Otan партиясы ең көп дауыс жинады, Парламенттің төменгі палатасына “Ақ Жол” партиясы мен ҚХП өтті.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Білім министрлігі, брифинг, демалыс күні, метеп, мұғалімдер, сайлау

Читать ещё

ҚР мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы үштен біріне қысқарды
Таулы Қарабах: Қақтығыс Қазақстанға әсер етуі мүмкін бе
Жұмыс берушілер қызметкерлерге дене жаттығуын өткізеді

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Сот БЖЗҚ экс-басшысының қашып кеткен адвокатына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

    Сот БЖЗҚ экс-басшысының қашып кеткен адвокатыны...
  • Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясына қабылданды

    Қазақстан Еуропалық азаматтық авиацияның конфер...
  • Алдағы бес жылда ауыл шаруашылық саласында бірқатар мамандық жойылуы мүмкін

    2020 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда ауыл ...
  • Бұрынғы премьер-министр Мұхаммедқалый Әбілғазиев ұсталды

    Қырғызстанда бұрынғы премьер-министр ұсталды. М...
  • Нұр-Сұлтан: Газ кіргізу құны үштен бір есеге арзандады

    Елордада тұрғын үйлерге газ кіргізу бағасы үште...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: