Батыстың әскери сарапшылары «Вагнер» ЖӘК-ның жабдықталуына қатысты жағдайға пікір білдірді

Интернет желісінде «Вагнер» ЖӘК артиллеристері РФ Бас штабының жаңа басшысы Валерий Герасимовты логистикамен қамтамасыз ете алмады деп айыптағаны көрінетін видео пайда болды. Сарапшылардың бағалауынша, РФ армиясы көптеген қиындықтарға тап болды.

«Ресейлік басқыншыларда 152 және 122 мм калибрлі гаубикалық артиллериясында снаряд тапшы», — деп жазады әскери сарапшылар. Олар өз сөздерін дәлелі ретінде батыс сарапшыларының күздегі мәлімдемесін алға тартып отыр, онда Ресей армиясы артиллериялық снарядтарды қарқынды пайдаланып жатқанын және осылай жалғасатын болса оқ-дәрілер 2023 жылдың басында бітеді деп мәлімдеген.

«РФ әскеріне шабуылдау операциясын кідіртуіне себеп болған факторларының бірі оқ-дәрі тапшылығы», — дейді әскери сарапшылар.

Сарапшылардың айтуынша, Ресей әскері қуатты ауқымды шабуыл операцияларын жүргізе алмай отыр.

14 желтоқсанда Ұлыбритания Қорғаныс штабының бастығы адмирал, сэр Тони Радакин РФ артиллериялық оқ-дәрілердің жетіспеушілігіне тап болғанын мәлімдеді.

Батыстық сарапшылар Ресейдің әскери қолбасшылығы арасында жанжал орын алғанын мәлімдеді

Қоймалар қаңырап босағаннан кейін ресейлік әскерилер елдегі өнеркәсіп шығаратын снарядтармен соғыса бастады, дегенмен бұл кең ауқымды соғыс қимылдарын жүргізуге жетпейді, деп мәлімдейді әскери сарапшылар Украинаның Әскери бас барлау басқармасының бастығы Кирилл Будановтың Ресей әскерлері бұған дейін күніне орта есеппен 60 мың артиллериялық снарядты, ал қазір — 19-20 мың пайдаланын жатыр деген сөзін келтіреді.

«Қалыптасқан жағдайға байланысты снарядтарға өткір бәсекелестік туындап отыр және ресейлік әскери қолбасшылық, әрине, бірінші кезекте снарядтарды, ЖӘК немесе мобилизацияландарға емес, кадр әскерлеріне береді», — деп қорытындылап отыр батыстық сарапшылар.

«Екінші мәселе. Ресей армиясында ресурстар үшін қақтығысып жатыр. Тұрақты ресейлік армия мен квазиармиялар ресурстар үшін күресуде, сондықтан олардың арасында жылы қарым-қатынас орнамауда. Ресурстар үшін жанжал ұрыс алаңында қақтығыстарға алып келетіні анық. Вагнерліктер бас штаб бастығы Герасимовты логистиканы жолға қоюға және жалдама сарбаздарға қажетті снарядтарды беруге шақыратыны көрінетін видеода оны балағаттағаны көрінеді. Жоғары лауазымды әскери қызметшінің мұндай қорлыққа көз жұма қарайтыны мүмкін емес. РФ генералы вагнершілерге «жеңіл» саботаж жасауы мүмкін деп болжауға болады. Мәселен, қажетті оқ-дәрілерді уақытында бермеуі ықтимал, бұл соғыс алаңында жүздеген адамның өмірін қияды, — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Батыстық сарапшылар Ресейдің әскери қолбасшылығы арасында жанжал орын алғанын мәлімдеді

Әскери сарапшылардың пікірінше, Ресей армиясы оқ-дәрі тапшылығына байланысты кең ауқымды шабуылдау операцияларын жасай алмай отыр. «Украинаның Қарулы күштері батыстық үлгідегі қару-жарақты біртіндеп құрастырып жатыр. Польша, Британия, АҚШ және басқа да бірқатар елдер қысқа мерзімде Украинаға қосымша қару-жарақ, оның ішінде қарымта шабуылдау операциялары үшін қажетті танктер беретінін жариялады.Бұл соғыста басымдық Украинаға берілетінін көрсетеді», — деп мәлімдейді кейбір сарапшылар. Олардың пікірінше, УҚК қаңтар айының соңында — ақпан айында Батыс берген қару-жарақпен жаңа шабуылға шығуы мүмкін.

Добавить комментарий