Ресейдің Украинаға баса көктеп кіруінің бір жылдығы қарсаңында украиналық саясаткерлер мен батыстық әскери сарапшылар ресейліктер «ауқымды» шабуыл жасайды деген мәлімдемелері жиілей түсті. Нәтижесінде осғыс алаңының кейбір учаскелерінде шиеленіс артты.
Мәселен, Угледар мен Бахмут түбінде және қазір Украина Қарулы Күштері мен Ресей әскерлері арасында кескілескен шайқастар жүріп жатыр.
Украина тарапы РФ әскерінің «ауқымды шабуылы» туралы бас қатырмауда. Мәселен, Украина ҚМ Бас барлау басқармасының бастығы Кирилл Буданов Ресей әскерінің бұл шабуылы мүлдем сезіліп жатқан жоқ деп мәлімдеді.
Өз кезегінде Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов ресейліктер жаңа «ауқымды» шабуылында қандай да бір жетістікке қол жеткізе алмайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Украина тарапы соғыс алаңындағы жағдайдың шиеленісе бастауымен Ресей армиясының шығындарына баға беріп, РФ әскері кең ауқымды соғыс қимылдары басталғалы бергі ең үлкен шығынға ұшырады деп мәлімдеді.

Фото: Угледар мен Бахмут түбінде және қазір Украина Қарулы Күштері мен Ресей әскерлері арасында кескілескен шайқастар жүріп жатыр.
Батыс саясаткерлері Украина өкілдерінің айтқан сөзін құптап, Ресей әскері орасан зор шығынға ұшырағанын және оның «басып жаншу» тактикасы жақсартқаны байқалмайтынын мәлімдеді. Бұл ретте батыс өкілдерінің бағалауы бойынша Украинадағы барлық Ресей әскерінің 97%-ы тартылған. «Соның өзінде олардың шабуылы бірнеше шақырымға емес, бірнеше метр ғана алға жылжыған», — деп мәлімдейді батыстық мамандар.
«Біріншіден, Ресей әскері ұрыс қимылдарын жүргізудің жаңа тәсілдерін ұсына алмай отыр, . Бұған бірқатар себептер бар. Путинге кез келген жеңіс қажет, демек тактиканы өзгерту туралы сөз болып отырған жоқ. Армияға әскерді ұйымдастыру жүйесін құрған генералдар қолбасшылық етуде.
Екіншіден, Ресей армиясындағы жемқорлық пен біліксіздік.
Үшіншіден, РФ әскерінің жағдайы күрт нашарлады. Шабуылдар тосыннан жасалмауда. Басқыншылардың элиталық бөлімшелері соғыстың басында айтарлықтай шығынға ұшырады. Осылайша, элиталық бөлімшелер қазір бұрынғыдай кәсіби емес. Жалпы алғанда Украина тарапының мәліметтері бойынша РФ әскері 150 000-нан астам адамынан айырылды. Көптеген техникасы жойылды. Oryx талдамалық жобасының деректері бойынша Ресей кем дегенде 8000 бірлік әскери техникасынан айырылды. Айта кетерлігі, тізімге тек фото және видеоматериалдармен расталған техника енген. Шын мәнінде жойылған техника саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Фото: Угледар мен Бахмут түбінде және қазір Украина Қарулы Күштері мен Ресей әскерлері арасында кескілескен шайқастар жүріп жатыр.
Төртіншіден, Украина әскері бір жыл бойы жеткізіліп жатқан батыстық қару-жарақтың арқасында едәуір күшейді. Оның үстіне украиналық әскерилердің кәсібилігі артты. Олар түрлі елдерде әскерилерді даярлау курстарынан өтіп, артынан Украина армиясына тәжірибесімен бөлісу үшін соғыс алаңына қайта оралады.
Мұндай жағдайда не істеуге болады? Ең жақсы жағдайда, бәрі кең ауқымды соғыстың басындағыдай, бірақ әлдеқайда нашар нәтижелермен. Қазіргі уақытта Путин режимінің логикасы түсіну өте қиын.