Ресейлік БАҚ Украинадағы соғысқа барудың қаншалықты тиімді әрі абыройлы екенін жарыса жазуда. Ресейліктерді ақшамен қызықтырып, отанға деген сүйіспеншілік және патриотизм сезімін өз пайдасына қолдануда.
Ресейлік пропагандисттер кез келген тәсілді бір мақсатта қолдануда — мүмкіндігінше көп ресейліктерге агитация жүргізу және мүмкіндігінше көп ресейліктерді мәні жоқ соғысқа жұмылдыру. Батыстық мамандар ресейліктерді соғыстан бейбіт өмірге оралғаннан кейін не күтіп тұрғанын айтты. «Соғыста өлмей, аман келетіндер болуы мүмкін.
Бірақ физикалық және психологиялық тұрғыдан мүгедек болып ықтималдығы бар. Егер адамдардың көпшілігі физикалық аспектіде мүгедектіктің не екенін жақсы түсінетін болса (аяғы, қолы және т.б. айырылу), онда бұрынғы әскерилерде болған психологиялық сипаттағы барлық проблемаларды көбісі жете түсінбейді», — деп мәлімдейді саясаттанушылар. Жауынгерлік іс-қимылдарға белсене қатысқан адамдар соғыстан кейін посттравматикалық стресстік бұзылысқа ұшырайды. Анықтама! Посттравматикалық стресстік бұзылысқа ұшыраған адамның психикасына аса күшті теріс әсер ететін бір реттік немесе қайталанатын оқиғалардың нәтижесінде туындайтын ауыр психикалық жағдай. Аталған психикалық ауытқуға жақын адамынан айырылған адам да ұшырауы мүмкін.
Осылайша, соғыстың салдары ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға ғана емес, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен жақын адамдарының да психикасына әсер етеді. «Посттравматикалық стресстік бұзылысқа ұшыраған бұрынғы сарбаздар бейбіт өмірде бейқам өмір сүре алмайды. Олар ашуланғыш, дүрбелеңге салынғыш және адамдарға сенімсіздікпен қарайтын болады, ал тұрмыстық зорлық-зомбылық пен суицидке бейім болу өмір бойына мазалайтын болады. Мұндай адамдардың түн ұйқысы тыныш болмайды және оларды бұрын бастан өткерген барлық қиындықтар және қорқынышты сәттер өмір бойына тыныштық бермейді. Егер бұл ауытқу емделуге келмесе, онда бұрынғы сарбаздар алкогольге, есірткіге әуес болады немесе зорлық-зомбылық жасауға бейім болады, өйткені бұл психикалық бұзылыс адам өмірінің соңына дейін тыныштық бермейді», — деп жазады батыстық мамандар.
Мысал ретінде олар Вьетнамдағы соғысты келтіреді. «Мәселен, АҚШ-та Вьетнамнан әскерді шығару басталғанда (1973 жыл) елдегі зорлық-зомбылық және кісі өлтіру деңгейі екі есеге жуық өсті. Қылмыскерлердің басым бөлігі соғыстан келген ардагерлер еді. Айта кету керек, Вьетнамдағы соғысқа қатысқан ардагерлерінің арасында өз-өзіне қол жұмсағандар саны көп болды», — дейді саясаттанушылар. Одан кейін олар Ауғанстандағы соғыстан кейін алынған деректерді келтіреді. «1990 жылдары көптеген қалаларда ауған соғысының ардагерлері ұйымдасқан қылмыстық топтар құрып, қаладағы «екінші», ал бас жерлерде «бірінші» билікке айналды. Ауған соғысы ардагерлерінің де Вьетнам соғысының ардагерлері секілді алкоголь, есірткі және т.б. проблемалар болды». Батыстық сарапшылар жақын арада Ресейде де қылмыс, соның ішінде кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру және т.б. артуы мүмкін деп мәлімдеуде. Батыс елдерінің психиатрия саласының сарапшылары посттравматикалық стресстік бұзылыс — ардагерлер үшін де, жалпы қоғам үшін де үлкен проблема.