Ресей президенті Владимир Путин Ресейге қарсы әртүрлі санкциялар салынғанына және оның әлемдік аренада оқшауланғанына қарамастан, қайтадан шабуылдау әрекеттерін бастамақ. Батыс сарапшыларының айтуынша, Ресейдің «ауқымды шабуылы» басталды. Қазір ол Донецк және Луганск бағыттарына шоғырланған. «Ресейлік пропаганда мен Кремль ел азаматтарына арнайы операцияның мақсаты толық орындалады деп сендіруде. Оның үстіне Ресей билігінің өкілдері Украина қарымта шабуыл нәтижесінде өз бақылауына алған жерлерді РФ қайта жаулап алуға дайын екенін мәлімдеуде», — деп жазады батыстық сарапшылар.
Олардың қалыптасқан жағдайға қатысты берген түсініктемесі: «Путинге соғыс қимылдарын жалғастырып, жеңіске жетуге үміт артудың мәні бар ма? Жоқ. Ресей Федерациясының жаңа шабуылы Ресей армиясын бұдан да көп шығынға ұшыратады, ал мемлекет халықаралық аренада және саяси, экономикалық және әскери тұрғыдан құрдымға кетеді. Ресей президенті қалыптасқан жағдайды мойындағысы келмей, Украинадағы империалистік мақсаттарына қол жеткізе алатынына сенімді.
Қалыптасқан жағдай қандай?
Украиналықтардың қарсылығы күшейе түсуде. Әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, Украина тұрғындарының 89%-ы Мәскеу қалаға қарсы тактикалық ядролық қаруды қолданғаннан кейін де тойтарыс беруді жалғастыруға дайын, 93%-ы ұрыс қимылдарына тоқтату үшін Ресей әскерлері ел аумағынан, соның ішінде оккупацияланған Қырымнан толықтай шығарылуы керек деп отыр. Украиналықтар РФ тарапынан жасалған ауқымды зымыран шабуылдары мен қалаларға бірнеше сағатқа созылған артиллериялық атқылаудан және т.б. кейін де тойтарыс беруге ынтасын сақтап отыр. Осылайша, елдің бейбіт тұрғындары, сәйкесінше Қарулы күштер де ресейлік әскерилерден қарағанда жеңіске жетуге деген мотивациясы зор. Ресейлік әскерилер соғыс алаңынан қашып жатыр, сондай-ақ соғысқа жіберілген мобилизацияланғандардың шағымдары артып келеді, олар майдан желісінен алыстау жерлерде әскери қызмет етуді қалайды.
Батыс одақтастары тарапынан Украинаға экономикалық, гуманитарлық, саяси, әскери қолдауы артып келеді. Германияны мысал ретінде келтірсек болады. Үкіметі қақтығыстың өршуінен қорыққан консервативті ел Киевке әскери көмек көмектескісі келмеді. Дегенмен Германия да соғыс басталғалы бір жыл ішінде бұл бағытта ауқымды қадам жасады. Неміс үкіметі соғыс басында Украинаға 5000 дана қорғаныс дулығасын берген, ал енді Киевке «Леопард» танкілерін, зениттік және артиллериялық қондырғыларды, зениттік-зымыран кешендері мен дүркіндете ататын реактивті жүйелерін беріп жатыр. АҚШ пен Ұлыбритания сынды Украинаның одақтастары әскери және экономикалық көмек ретінде әлдеқайда ірі пакеттер ұсынды. Осылайша, Украина Қарулы Күштері Ресей армиясының арсеналындағы қару-жарақтан әлдеқайда тиімді батыстық үлгідегі қару-жарақпен жабдықталды.
Украинаның одақтастары тек қысқа мерзімді қолдау көрсетіп жатқан жоқ. Мәселен, Норвегия парламенті Украинаны қолдаудың 75 млрд норвегиялық крон — шамамен 7 млрд еуро болатын көпжылдық бағдарламасын мақұлдады. АҚШ пен НАТО елдері де Киевті соңына дейін қолдауға дайын екендіктерін білдіріп отыр. Осылайша, Путин Батыстың соғыстан «шаршайтынына» үміттенбеуі керек.
Ресей жеңіске жете алмайды, яғни Владимир Путиннің соғысты жалғастыруға деген ниеті өз елі мен азаматтары үшін бұдан да үлкен проблемаға айналады».