Батыстық сарапшылар ресейліктер үшін Путинің биліктен кеткені жақсы болады деп есептейді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/12/speech-43701-1669910264-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Соғыс ұзаққа созылған сайын, Ресей өркентетті әоемнен рдан әрі оқшауланып барады, сондай-ақ Путиннің әскери авантюрасы ресейліктерді де көп нәрседен айырып жатыр, деп жазады батыстық сарапшылар. Олардың пікірінше, Украина аумағындағы соғыс — Путиннің соғысы.

Соңғы жылдары саясаткерлер посткеңестік кеңістіктегі көптеген елдерде және батыс мемлекеттерінде русофобия байқалатынын айтады. Ресейліктер мен орыс тілді азаматтардың құқығы тапталып айтылуда. «Ресейлік БАҚ ел азаматтарына жүйелі түрде «Ресейден кетпеңіздер, сіздерді ешкім күтіп отырған жоқ» деген хабарлама жіберіп жатыр, — деп жазады батыстық сарапшылар. Олардың пікірінше, мұндай мессенждер ресейліктер мен орыс тілді азаматтарға қарсы ұлтшылдық көңіл-күйді көрсету мақсатында таралып жатыр.

Украиналық саясаттанушылардың жазуынша, Украинада және басқа да мемлекеттерде орыс тілді азаматтарды тілге қатысты қысым жасалған жоқ. Бұрынғы КСРО-ның барлық дерлік елдерінің заңнамасында азаматтардың тілдік, ұлттық және діни белгілері бойынша құқықтарын кемсітуге тыйым салынған.

«Украина, Грузия, Молдова және Орталық Азия өңірінде орыс тілінде еркін әрі қорықпай сөйлесе берсе болатын. Ал қазірРФ азаматтары түрлі проблемаларға тап болуда Интернет желісінде ресейлік азаматтар өздеріне түрлі мекемелерде қызмет көрсетпей, оларға апартаментті, көлікті және т.б. жалға бермей жатқанына шағымданғаны көрінетін көптеген видео тарады», — деп жазады саясаттанушылар. Олардың пікірінше, бұған Украина аумағында болып жатқан соғыс түрткі болған.

Ресей әскерлері Украина аумағына басып кіргеннен кейін ресейліктердің әлемнің көптеген елдеріне кіруге шектеу қойылды. Көптеген елдер РФ азаматтарына виза беруді тоқтатты немесе ауыр шектеулер енгізді. Сондай-ақ Еуропа елдері өз аумақтарының әуе кеңістігін жауып тастады, сондықтан ресейліктер виза алған күннің өзінде ЕО мемлекеттеріне кіру қиынға соғады. Сондай-ақ қолма-қол ақшасыз есеп айырысу қиындық тудыруда, кейбір танымал төлем қызметтері Ресейде жұмысын тоқтатты. Көптеген компаниялар РФ-дағы бизнес жауып тастады, бұл ел азаматтарын олардың қызметтері мен өнімдеріне қол жеткізуден айырды.

«Путиннің қабылдаған шешімдері мен әрекеттерінен бүкіл әлемде ресейліктерді ұлт ретінде құрметтемей, жеке көретін болды. Ресей Федерациясының Президенті ел азаматтарының шетелде болсын, елде болсын көптеген проблемалар мен шектеулерден зардап шегуіне себеп болды», — деп жазады өз есімдерін атамаған батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий