Батыстық сарапшылар Ресейдің жаңа тарих оқулығына қатысты пікір білдірді

Ресейдің «Тарихты қайта жазды» деп таққан айыбы негізгі тезистердің бірі болды. Саясаткерлер мен журналистердің пікірінше, Батыста, Украинада және посткеңестік кеңістіктегі елдерде іші пысқанның барлығы «тарихты қайта жазып жатыр».

Украиналық сарапшылар Ресейдің тарихты қайта жазуға қатысты айыптаулары «әрқашан ақылға қонымсыз болып көрінді, ал енді Кремль пропагандасы осы тәсілді қолдануды жалғастыратын болса, онда бұл ақымақтық болады» деп мәлімдеді.

Ресейде қазіргі заманғы тарихтың жаңа бөлімі бар жоғары сынып оқушыларына арналған тарих пәні бойынша жаңа оқулықты ұсынды. Бұл туралы бұрынғы мәдениет министрі, қазіргі РФ президентінің қазіргі көмекшісі Владимир Мединский мәлімдеді. «Осылайша, 1970-2000 жылдар аралығында Ресей тарихын қамтитын бөлімдер ресейлік мемлекеттік пропаганданың негізгі нарративтеріне сәйкес келу үшін өте мұқият «түзетілген». Оқулыққа РФ-ның Украинадағы «арнайы әскери операция» деп аталатын басқыншылық соғысы туралы бөлім қосылды. Осылайша, РФ «өзінің» альтернативті тарихын жазды десек болады», — деп жазады саясаттану саласындағы украиналық сарапшылар.

Фото: Батыстық сарапшылар ресейлік жоғары сынып оқушыларына арналған тарих оқулығына қатысты пікір білдірді

Олардың пікірінше, 2023 жылғы 1 қыркүйекте жарық көретін ресейлік оқулықта Кремль пропагндасының барлық негізгі тезистері қамтылған.

Сарапшылар Ресей билігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының Украина мен посткеңестік кеңістіктегі елдердің аумағында болып жатқан оқиғаларға қатысты негізгі мәлімдемелерін атап өтті:

«1. Ресейдің айналасында жау күштері қоршап алған.
2. Ұжымдық Батыс Ресей шекарасына барынша жақындап, Ресейді ыдыратқысы келді.
3. Посткеңестік кеңістіктегі елдерде Батыстың күш-жігерінің арқасында русофобия күшейіп келеді.
4. Украинада ұзақ уақыт бойы Ресейге қарсы өшпенділік қоздырылды.
5. Әскери арнайы операцияның мақсаты — Донбасс пен оның орыс тілді азаматтарды украиндық неонацистерден құтқару.                                                                                                                                                                                          6. Украинада орыс әлеміне тыйым салынған, оның ішінде тіпті ел билігі азаматтарға орыс тілінде сөйлеуге тыйым салады.
7. Батыс негізсіз Ресейге қарсы санкциялар салды.
8. АҚШ пен ЕО елдері Ресей-Украина қақтығысының басты бастамашылары
9. Ресей президенті Владимир Путин бастаған арнайы операция ел тұрғындарын біріктірді».

Оқулықта Украинадағы соғыс қимылдарына қатысты батыс және украин позициялары, атап айтқанда, ел азаматтары мен балаларды Донбасстан Ресей аумағына мәжбүрлі түрде әкету, инфрақұрылымға жасалған зымыран соққылары, ел аумағына ресейшіл көзқарас пен идеяларды таратылғаны туралы жазылмайды.

«Бұл оқулық бірінші кезекте тарих оқулығы емес, оқушылардың «миын улау» үшін пайдаланатын оқулыққа айналды. Осылайша, ресейлік пропаганда ресейлік жас буынға баса мән беріп отырғанын байқауға болады», — деп қорытындылады батыстық саясаттану саласындағы сарапшылар.

 

Добавить комментарий