Батыстық сарапшылар Ресейде қару-жарақ тапшы деп есептейді

Былтыр 24 ақпанда Ресей билігінің Украина аумағына баса көктеп кіру туралы шешімі ел басшылығы үшін бірқатар проблемалардың бастауы болды, деп хабарлайды батыстық сарапшылар.

Сарапшылардың болжамы бойынша, Кремль Ресей әскерлері басып кіруіне бір жылдығы қарсаңында «Ауқымды шабуылды» қайталауды жоспарлап отыр.

Батыстың сарапшылары РФ әскері өзінің кезекті шабуылдау операциясын бастап, жалғастыру қиынға соғады деп есептейді.

Ресейлік саясаткерлердің мәлімдемелері соғыс қимылдарын жүргізу үшін қажетті қаруды жеткілікті мөлшерде өндіре алмай отырған қорғаныс өнеркәсібіндегі проблемаларымен байланысты.

Батыстың саясаттанушылары Ресейде қару-жарақ тапшылығы туындап отырғанын мәлімдеді

Украина барлау қызметінің өкілдері Ресейдің 24 ақпанда басып кіруінің бір жылдығы қарсаңында кең ауқымды шабуылды бастау үшін ресурстары жоғын мәлімдеді. Батыс шенеуніктері де Ресей әскерлері шабуылдайтын болса, айтарлықтай прогреске жете алмайтынын айтып отыр, себебі, олардың пікірінше, РФ ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу үшін жеткілікті мөлшерде сарбаздары мен ресурстарын қалпына келтіре алмады. Пентагон Ресей Украина аумағында кең ауқымды соғыс қимылдары басталғалы бері танктерінің жартысынан астамынан жоғатқанын айтып отыр.

Өз кезегінде бірқатар сарапшылар Кремльдің сарбаз саны жеткілікті екенін айтуда. Алайда, олардың пікірінше, қажетті сарбаз саны болғанымен Ресей әскерінің даярлығы төмен.

«Мобилизацияланғандарды қысқа уақыт ішінде жақсы даярлау мүмкін емес. Бұл басқыншыларға жаңа ауқымды шабуыл операциясы барысында оң нәтиже әкелмесі анық», — деп жазады украиналық әскери сарапшылар.

Батыстың саясаттанушылары Ресейде қару-жарақ тапшылығы туындап отырғанын мәлімдеді

Ақпан айының басында Дмитрий Медведев Омбы машина жасау зауытына барды. Сапар барысында Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары танк өндірісін ұлғайту керектігін айтты. Өз кезегінде Путин қорғаныс өнеркәсібіне жауапты премьер-министр Денис Мантуровты сынға алды. Ресей президентінің пікірінше, премьер-министр елдегі қару өндірісін ұлғайту үшін қажетті шараларды қабылдауға жеткілікті күш салмауда.

«Украинада кең ауқымды соғыс басталғалы бір жылдай уақыт ішінде Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешені құрдымға кетті. Санкциялардың салдарынан мемлекеттің ел армиясының арсеналын өнеркәсіптік ауқымда толықтыруға мүмкіндігі жоқ. Осылайша, мемлекеттің әскери-өнеркәсіптік өндірісі елдің осал тұсына айналды», — деп түсіндірді батыстық сарапшылар.

Добавить комментарий