Батыстық сарапшылар Ресей жеңіске жете алмайтынын мәлімдеді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-48950-1677184430-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Украина Қарулы Күштерінің қарымта шабуыл операциясының нәтижесі Херсонның азат етілуі болды, бұл қазіргі таңда соғыс алаңындағы соңғы ауқымды оқиға. Сол сәттен бастап майдан желісі тұрақтанды және қазіргі таңда ұрыс алаңында Украина мен Ресей әскерлері арасында артиллериялық дуэлдер орын алуда. Сарапшылар бұл кескілескен шайқастар алдындағы тыныштық болуы мүмкін деп отыр. Соңғы бірнеше апта бойы аналитиктер мен сарапшылар Ресей ауқымды шабуыл жасайтынын жарыса айтты. Сарапшылар Ресей әскерінің үш бағыт бойынша шабуыл жасауға мүмкіндігі барын атап өтті. Біріншісі — Луганск облысынан Харьковқа қарай, екіншісі — оңтүстіктен Запорожье бағытына қарай, үшіншісі — Донбасске шабуыл. Айта кету керек, Донецк облысының әкімшілік шекарасы аумағынан шығу Ресей 2022 жылдың ақпан айында әскери іс-қимылдар басталар алдында қойған мақсаттарының бірі болды.

Сарапшылар Ресей әскері жеңіске жете алмайтынын мәлімдеді

Сондай-ақ Украина тарапы Ресей әскерінің соңғы екі айдағы бірінші кезектегі міндеті Донецк облысын бақылауға алу екенін бірнеше мәрте мәлімдеді. Сондықтан да РФ әскері аталған қаланы бақылауға алу үшін Бахмутқа ауқымды шабуыл жасауды жалғастыруда.

Сарапшылардың басым бөлігі ресейлік әскери қолбасшылық жоғарыда аталған бағыттардың біріне шабуыл жасау туралы шешім қабылдайды деп санайды. Ресейліктер бірден бірнеше бағытта бойынша шабуыл жасауы мүмкін деген де пікірлер айтылуда. Ауқымды шайқастар таяу болашақта орын алуы ықтимал, ал болашақта Ресей әскерінің перспектвасы өте бұлыңғыр көрінеді.

Батыс сарапшылары Ресей әскерлері шабуылдарының жоғын бірнеше мәрте мәлімдеді. «Ресейліктердің шабуылының мәні жоқ екеніне сыртқы және ішкі факторларға бөлуге болатын бірнеше факторлар бар. Алғашқы екеуі сыртқы факторларға жатады. 1. Украина армиясы күш ала бастады. Бұл тенденция Украинаның батыс одақтастары тарапынан әскери көмектің артқанын көрсетеді. Кейбір мемлекеттер басқа елдерден бірнеше есе көп көлемде көмек көрсетті немесе көрсетіп жатыр. Мұндай елдерге мәселен, Финляндия мен Эстония жатады. Украина әскерінің былай күшеюі РФ-ға жақсылық әкелмейді. 2. УҚК-ның қорғаныс позициялары соңғы бір жыл ішінде едәуір нығайды. Осы уақыт ішінде Украина әскерилері қол құсырып отырмады, олар өз позицияларын нығайтып, Ресей армиясының қандай да бір Украина аумағын басып алуға талпынысы Ресей армиясы қатарында бұрынғыдан да көп адам шығынына алып келеді. Мәселен, Ресей әскерлері Бахмутты басып алуға жарты жылдан бері жасап жатқан шабуылы сәтсіз аяқталды. Егер осындай кішкентай қалашықты басып алуда қиындықтар болса, онда Бахмуттан бірнеше есе үлкен және Украинаның аумағы бойынша бесінші ірі қаласы Запорожье туралы айтпай-ақ қойсақ болады.

Ішкі фактор. Ресей армиясының құрылымы. РФ әскері біртекті емес екені белгілі. Ол тұрақты құрамалардан да, тұрақты емес құрамалардан тұрады, оған шартты қызметтегі сарбаздар мен мобилизацияланған сарбаздар кіреді. Сондай-ақ, тұрақты емес құрылымдарға тәуелсіздігі мойындалмаған ДХР мен ЛХР-дағы халық милициясының өкілдері, ерікті батальондар, казак және шешен жасақтары, «Вагнер тобының» жалдамалы қызметкерлері кіреді. Бұл құрылымдардың барлығын РФ армиясына интеграциялау және кәсібилендіру қиынға соғады, өйткені олардың мақсаты, алғышарты, иерархиясы мен құқықтық мәртебесі әртүрлі. Мұндай әскерді басқару және үйлестіру қиынға соғады, демек алға қойған мақсаттарға қол жеткізу оңайға түспейді», — деп жазады украиналық әскери сарапшылар РФ орасан зор техника мен адам шығынына ұшырайтынын айта келе.

 

Добавить комментарий