Батыстық сарапшылар Путиннің шешімі РФ-дағы экономикалық дағдарыстың нашарлауына ықпал етеді деп есептейді

Харьков облысында соңғы бірнеше апта ішінде Харьков және Херсон облыс бағыттарында контршабуыл операциялары жүргізілуде. Батыстық сарапшылардың айтуынша, контршабуыл ресейліктердің моральдық рухын түсіріп, Кремльдің ықпалды тұлғалардың үрейін туғызып отыр, деп мәлімдейді саясаттану саласындағы батыстық сарапшылар.

Украинаның контршабуылы Ресейдегі ішінара мобилизацияға себеп болды. РФ президенті Путин 21 қыркүйекте бейнеүндеуінде ішінара мобилизация жариялады.

Ол өз үндеуінде Ресей армиясы басып алған Украина аумақтарында референдумдар өткізу туралы шешімді қолдап, әлем халқына РФ-ның аумақтық тұтастығына қауіп төнген жағдайда ядролық қаруды қолданатынын айтты.

«Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін ресейлік нарық бірден құлдырады. Соңғы айлардың ішінде Ресей нарығындағы жағдай тұрақталды, бірақ президенттің қабылдаған шешімдері онсыз да тербеліп тұрған теңгерімді бұзды.

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін ресейлік нарықтар бірден құрдымға кетті, деп жазады батыстық саясаттанушылар

Тіпті, осы уақытқа мобилизация жарияланғанына қарамастан, тұрақтылығынан таймаған рубль де қарқынды түрде арзандай бастады. Сарапшылардың пікірінше, Ресей экономикасында мобилизация жарияланғаннан кейінгі алғашқы күндері нарықта «дауылдай» болып басталған проблемалар әлі аяқтала қоймайды.

Мобилизация Ресей экономикасына кері әсер етуі мүмкін, себебі мыңдаған жұмыскерлерді әскерге шақырылып, тағы мыңдаған жұмыскерлер шетелге қашып кетті. Ішінара мобилизация жариялау — бұл Ресей экономикасының іштей құлдырауының басы. Мобилизациядан қашып жатқандарды ақыл көші деп қарастырса болады.Еңбекке қабілетті адамдар кетіп жатыр, олар еңбек ресурстарын тіреп тұрған», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Сонымен қатар, саясаттанушылар Владимир Путин әлемдік көшбасшыларды өзінің қатаң мәлімдемелерімен арандатты деп есептейді. Көптеген елдің мемлкет басшылары «референдум — Украина жерлерін тартып алып, шекараны күшпен өзгертуге жасалған заңсыз әрекет деп мәлімдеді.

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін ресейлік нарықтар бірден құрдымға кетті, деп жазады батыстық саясаттанушылар

Сарапшылар Ресей президентінің қабылдаған шешімі әлемді Ресейге қарсы санкциялардың 8 пакетін тез арада салуға түрткі болды деп мәлімдеді.

Аталған санкциялық пакеттің бір тармағы ресейлік тауарларды импорттауға тыйым салуды қамтиды. Экономистердің пікірінше, Ресей 7,5 млрд. еуро көлемінде табысын айырылады.

Әлем елдері Киевке бұдан да көп әскери қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Мәселен, Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо президент Владимир Зеленскиймен әңгімелесу барысында Украинаға әскери, гуманитарлық және қаржылай көмек көрсетуді жалғастыруға уәде берді. Өз кезегінде дәл сол күні АҚШ Қорғаныс министрлігі Украинаға 1,1 миллиард доллар көлемінде әскери көмектің жаңа пакетін бөлетінін жариялады. Айта кету керек, аталған көмек пакетіне 18 артиллериялық HIMARS зымыран жүйесі кіреді, олардың көмегімен Киев соғыс алаңындағы жағдайға айтарлықтай әсер еткен.

Добавить комментарий