Батыстық сарапшылар Қазақстан ЕАЭО ықпалының кеңеюінен зардап шегіп отыр деп есептейді

«2015 жылы құрылған Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан үшін пайдасынан зияны көп», — дейді батыстық саясаттанушылар.

Орталық Азия елі Ресей Федерациясымен тығыз ынтымақтасатын болса, Батыс елдерінің РФ-ға қарсы тұрақты санкциялары Қазақстанға да тікелей немесе жанама әсер ететін болады.

«Кремль ЕАЭО-ға ықпалын кеңейтуге тырысуда, бұл Одаққа мүше басқа елдерге шектеуге қою арқылы, көбірек дивиденд алуға ұмтылысының айқын белгісі», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Фото: Батыстық саясаттанушылардың пікірінше, ЕАЭО-ның кеңеюі Қазақстанның ұйымдағы жағдайына кері әсер етуі мүмкін

«Бастапқыда ЕАЭО-ның құрылуы Кремльге бірқатар міндеттерді шешуге көмектесті. Бірінші кезекте посткеңестік кеңістіктегі елдерге экономикалық және саяси ықпалын белгілеу. Ресей мемлекеттік корпорацияларын күшейту үшін ықпалын кеңейту. Бүгінгі таңда Мәскеу ЕАЭО-ның ауқымын кеңейту үшін барын салып жатыр, бұл Ресей мен аталған ұйымның басқа мүшелері арасындағы теңсіздікті ұшықтырып отыр. Кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін құру туралы келісім идея одақтың ауқымын кеңейтуге бағытталған қадам болды. Мәскеудің мұндай қадамын ЕАЭО-ны кеңейтудегі белсенді кезеңнің бастауы деп сипаттауға болады. Кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі туралы бағдарлама одаққа мүше емес мемлекеттердің экономикалық бірлестіктің нарықтық процестеріне қатысуы үшін ашық болуы керек. Қазіргі таңда ЕЭК ЕАЭО жұмысын реттейтін орган осы келісімге қол қоюды жеделдетуге тырысуда. Бірыңғай транзиттік жүйенің көмегімен Мәскеу мүддесіне сай келетін, ЕАЭО-да тауарлардың қозғалысын күшейтуді жоспарлап отыр», — деп жазады батыс елдерінің саясаттанушысы.

ЕАЭО құрылғаннан бері 2015-2020 жылдар аралығында Одақ елдерінде сақталған 25 кедергі жойылды.

Фото: Батыстық саясаттанушылардың пікірінше, ЕАЭО-ның кеңеюі Қазақстанның ұйымдағы жағдайына кері әсер етуі мүмкін

«ЕАЭО-ның құрылғанға дейінгі келіссөздер кезінде осы экономикалық одақтың негізін қалаушылардың бірі Қазақстан Одақ ішіндегі өзара қарым-қатынас өзгеше қалыптасады деп үміттенген. Қазақстан тауарлары сатып, сол арқылы табыс табуға болатын нарық ашылады деп ойлаған. Алайда ойлағаны болмады. Бірыңғай транзиттік жүйе Ресейге одаққа мүше елдердің аумағында өз ережесін қоюға мүмкіндік береді. Осылайша, Мәскеу, шын мәнінде, империялық саясат құруда. Қазақстан Одаққа кірген соң мойнына көптеген экономикалық міндеттемелерді алды, сондай-ақ Ресейдің геосаяси ойындарының тұтқынына айналды. Еуразиялық экономикалық одақтың кеңеюі Қазақстанның экономикалық жағдайын одан әрі нашарлатады», — деп жазады шетелдік саясаттанушылар.

Добавить комментарий