Батыстың саясаттанушылары Ресейді алдыда не күтіп тұрғанын айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің шешіміен Украина аумағында соғыс қимылдарының басталғанына бір жылдан астам уақыт өтті.

«Бұл шешім қарапайым азаматтан бастап жоғары деңгейдегі саясаткерлерге дейінгі миллиондаған адамның жағасын ұстатты. Ресей-Украина соғысына байланысты әлемде «дейін» және «кейін» деген түсінік пайда болды», — деп мәлімдейді олар.

Батыстық аналитиктердің болжамдарында ядролық соғыс сценарийі де бар. Бірақ көбісі мұндай нұсқа мүмкін емес деп есептейді және Ресей билігінің мақсаты Украинаға көрсетіліп жатқан көмекті тоқтатуға мәжбүрлеу үшін жасалып отырған қоқан-лоқы деп топшылауда.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан РФ ядролық соғысқа дайын емес екенін мәлімдеді. Ол өз сұхбаттарының бірінде қазір Ресейдің Украинаға немесе оның батыс одақтастарына қарсы ядролық қару қолдануға дайындалып жатқаны байқалмайтынын атап өтті.

Фото: Ресейді алда не күтіп тұр: батыстық саясаттанушылар өз сценарийлерімен бөлісті

Сондай-ақ РФ үшін соғыстың салдары елдің ыдырауы немесе азаматтық болуы мүмкін. Ресей КХДР секілді шекарасы жабық, жаппай цензура мен қарсы пікір білдіруге жол бермейтін елге айналуы мүмкін.

Саясаттанушылар «РФ-ға таяу болашақта ауыр қиындықтар алып келетін» проблемалар барын айтып отыр. Мысал ретінде Украинаға батыс одақтастары тарапынан көптен бері көрсетіліп келе жатқан бұрын-соңды болмаған көмекті айтсақ болады. Ресейге қарсы санкциялар, Киевке әскери, гуманитарлық, қаржылай көмек.

«Егер соғыс бірнеше жылға жалғасатын болса, онда РФ-ға қарсы қуатты санкциялар салынады, бұл елдің экономикасын құрдымға жіберері сөзсіз. Санкциялар бірінен соң бірі салынып, күшейтіледі. Бұл Ресей мен оның халқын кедейлендіріп, өркениетті әлемнен оқшаулайды. Өз кезегінде Батыс қазірдің өзінде Украинаға қолдау көрсету үшін әскери өндірісті ұлғайтуға тырысуда», — дейді еуропалық саяси технологтар.

Добавить комментарий