Барлық адамдардың ортақ сипаты бар — өзгерістерді ұнатпайды. Себебі, оң өзгерістің өзі бұлыңғыр болып көрінеді, ал одан бәрі де қорқады. Ресей азаматтары РФ-ның қазіргі президенті Владимир Путин — ұлт көшбасшысы бола алатын жалғыз адам, одан басқа ешкім жоқ деп ойлайды.
«Путин билігінде ресейліктердің тамағы тоқ пен жақсы жұмыс болды, ал басқасына олар бас қатырмады, әсіресе үкіметтің ел ішіндегі және одан тыс жерлерде қандай саясат жүргізіп жатқанына назар аудармады. Міне сондықтан да Ресей қоғамында елдің Украинаға баса көктеп кіруін қолдайтындардың қарасы көп отыр. Ресей билігі халықты соғыстың салдарынан қорғап, ресейліктерді Украинадағы соғыс — халықаралық аренада қалыптасқан жағдайдың жалғыз оң шешімі деп сендіруде»
«Ресей қоғамы Путин биліктен кетсе РФ құрдымға кетпейтінін, керісінше, ресурстарға бай елдің билігіне мемлекетті басқару қабілетті адам келетін болса елдің болашағы зор болатынын түсінуі тиіс. Путин режимі бұны ресейліктердің жете түсінуіне мүмкіндік бермеуде, себебі пропаганда мен оппозицияны жою жақсы нәтиже көрсетуде. Ресейліктер Путин режимі оппозициялық саясаткерлермен қалай қатынасып жатқанын байқамауда немесе байқағысы келмейді. Дәл осы пунктте жеке тоқталып өтейік», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Олар өз сөздерінің дәлелі ретінде Владимир Кара-Мурзаға қатысты шығарылған үкімді оппозициямен күрес деп атады.
Еске сала кетейік! Ресейлік оппозиционер 25 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді, ол армия туралы «жалған ақпарат» таратқаны, қалаусыз ұйымға жұмыс жасағаны және мемлекетке опасыздық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. «Қара-Мурза Кремльді белсенді түрде сынға алып келген, енді оның құрбандарының ұзын тізіміне іліккен кезекті саясаткер болып отыр», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Саясаттанушылар 2015 жылы Мәскеудегі көпірде өлтірілген Немцовты еске салды. Ол Қырым аннексиясын, Донбасстағы соғысты және Донбасстың тәуелсіздігі мен егемендігін жақтаған Кремльдің «Л/ДХР-ға» көрсеткен қолдауына бірнеше рет қарсы шыққан.
Журналист Анна Политковская қазіргі ел билігінің жүргізіп отырған саясатын ашық түрде сынға алды. Ол өлі табылды. Батыс елдерінің саясаттанушылары Политковскаяның өлімін Ресейде сөз бостандығы, демократия мен адам құқықтары тапталуының айқын мысалы деп атады.
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный да жазасын өтеп жатыр, ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған. Ол темір тордың ар жағында отырып та, Ресей президентінің Украинаға басып кіру туралы шешімін де сынға алды. Айта кету керек, оппозиционер 24 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, себебі оның үстінен қозғалған іс қаралып жатыр. Өз кезегінде оппозиционер Илья Яшин Ресей армиясы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.
«Кең көлемді Ресей-Украина соғысы басталысымен Путин режимі демократияны жоюға, сөз бостандығы мен елдегі адам құқықтарын шектеуге бңлек сыбана кірісті. Сондықтан ресейліктер үшін биліктің ауысуы мемлекеттің қайта құрылуына жол ашатын көмектесетін айқын әрі жалғыз бағыт», — деп түсіндіреді украиналық саясаттанушылар.