Саясаттану саласының мамандары Украина аумағындағы қанды соғыста артиллерия мен ауыр қару-жарақпен қатар, пропаганданың да маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Көптеген сарапшылар мен аналитиктер оның ауқымы бұрын-соңды болмаған деңгейде деп атайды. «Айта кету керек, кремльдік пропаганда ел ішінде және тысқары жерлерде де өте тиімді жұмыс істеуде», — дейді батыстық саясаттанушылар.
«Аргумент No 1:»Ұлтшылдар, нацистер, бандеровшылар». Владимир Путин билігіндегі Ресей үкіметі Украинада бір топ нацистер мен бандеровшылар билік құрғанын, олар украин халқын тұтқында ұстап отырғанын мәлімдеуде. Ресейлік ақпараттық кеңістікте тіпті Зеленский есірткі қолданады деген материалдар жарияланды».
Бұған жауап ретінде украиналық саясаттанушылар бұл ақпараттың жалған деп мәлімдеді. «Шындық Nо 1. Украинада ешкім орыс тілді азаматтарға қысым жасамайды. Ешқандай нацистер болмаған да, ресейлік пропаганда украин тілін дәріптеп, орыс тілін алып тастауды жақтаған адамдарды ұлтшыл деп атады».
Украиналық саясаттанушылар жоғарыда айтылғанды жоққа шығаратын бірқатар аргументтерді келтіреді.
«Аргумент No 2. Біз оларды құтқарамыз». Ресей үкіметі ел азаматтарына украиндықтар Киев режимінен құтқаруды күтіп отырғанын айтуда.
Шындық No 2. Басқа елдің аумағына баса көктеп кіру «құтқару» емес, «басқыншылық» деп аталады. Ресей адамдарға РФ төлқұжатын беріп, украин төлқұжатын тартып алды. Ресей әскерилері жаулап алған аймақтағы кітапханалардан украин әдебиеті мен тарих оқулықтарын жойды.
РФ әскері соғыс алаңында жермен жексен болып жеңіле бастап, Путин мобилизация жариялағаннан кейін пропаганданың риторикасы өзгерді.
Аргумент No 3. «Біз НАТО-ға қарсы соғысып жатырмыз».
Шындық No 3. Күллі өркениетті демократиялық әлем Путиннің Украинаға басып кіру туралы шешімін айыптады. Әуел баста барлығы РФ президентімен келісімге келуге тырысты, ал Украинаға ешкім әскери көмек көрсетпеді, танктер, артиллерия және т.б. жеткізілмеді. Батыс Киевке әскери көмекті бірте-бірте арттырып, Путинмен келісімге келуге асықпады».
Сарапшылар қорытындылай келе, бұл пропаганданың ресейліктерге ықпалының аздаған бөлігі екенін айтып отыр. «Мәселен, қазір соғысты қалыпты жағдай қылып көрсету бойынша жұмыс істеп жатыр. Ресейліктерге соғыстың бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін айтып отыр, себебі Ресей үшін соғыс қимылдары сақтық шарасына айналды», — деп мәлімдейді батыстық саяси технологтар.