Батыстың саясаттанушылары Херсондағы жағдайға қатысты өз пікірлерін айтты.

Херсон 8 айдан астам уақыт Ресейдің бақылауында болды, 11 қарашада Украина Қарулы Күштерінің бақылауына өтті. «Украинаның Херсонды қайтаруы ресейлік пропаганданың орыс халқы 30 жыл бойы РФ-ның құрамына кіруді асыға күткені туралы нарративі шындыққа жанаспайтынын кезекті рет көрсетті. Херсон қайтарылғаннан кейін интернетте таралған көптеген видеоматериалдар мен фотолардан украин азаматтарының азат етушілерді қалай қарсы алғанын көрсе болады — украиндық рәміздермен, УҚК-ға алғыс сөздермен және т.б.», — дейді украиналық БАҚ өкілдері.

Көптеген аналитиктер мен сарапшылар Ресей әскерлерінің Херсоннан кетуі Ресей әскерінің кезекті сәтсіздігі, сондай-ақ Днепрдің батыс жағалауында душар болған қиындықтарды жұртшылық алдында мойындау деп атады. «Соғыс басталғалы 8 айдан астам уақыттың ішінде РФ Херсонды басып алғаннан басқа негізгі мақсатына қол жеткізе алмады. РФ әскері қаладан мәжбүрлі түрде тастап кеткен соң, РФ азаматтары өздері мен үкіметке былай деп сұрақ қоюы тиіс: Мұның бәрі кімге керек? Ресей әскері не үшін шығынға ұшырап жатыр? Херсоннан кері шегінгеннен кейін — ресейліктер үшін бұл қорғаныс операциясына айналды, жаңа аумақтарды басып алу туралы сөз қозғмай-ақ қойса болады. Бұл өз кезегінде бұл соғыс ұзаққа созылатынын білдіреді — Ресей үшін бұл жаңа санкциялар, ұрыс алаңындағы жаңа шығындар, экономиканың құлдырауы және әлемнен одан әрі оқшаулануына алып келеді», — деп мәлімдейді саясаттанушылар.

Айту кетерлігі, саясаттану саласындағы украиндық сарапшылар ресейлік шенеуніктердің Херсоннан әскерлер шығарылғанымен Ресейдің жері болып қалады береді деп отырғанын айтады.

Мәселен, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әскерлерді қаладан шығаруды қорлық деп санамайтынын, сондай-ақ Херсон облысының Ресей субъектісі ретіндегі мәртебесі өзгеріссіз қалатынын айтты. Өз кезегінде РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев ресейліктерді дүрделеңге салынбауға шақырды, себебі РФ алдағы уақытта уысынан шығарып аумақтарды бақылауына қайтаруды жоспарлап отырғанын айтты. Ресейдің өзінен кейін қалдырған жалғыз нәрсе — қирандылар. Ресей әскерлерінің бақылауында болған қаланың маңызды инфрақұрылымы күл-талқаны шыққан, жергілікті тұрғындар жарықсыз, байланыссыз және интернетсіз қалды.

РФ-да Херсонды тастап кету туралы былай деп айтылды: «бұл ауыр болса да орынды шешім», «шегініс бейбіт халықты қорғау және жеке құрамның қауіпсіздігі үшін жасалды», «әскерлерді шығару — бұл сарбаздардың бағалы өмірін құтқару».

РФ әскери-саяси басшылығы ел азаматтарына олар үшін ең бастысы сарбаздардың өмірін сақтап қалу екенін айтып отыр. Бірақ Путин режимі соғысты жалғастырғысы келеді және кері шегінген әскерилерді Луганск және Донецк облыстарына, қатаң ұрыс қимылдары жүріп жатқан жерге жіберіп жатыр.

«Басқыншылардың Херсоннан кетуі ақпан айында Киевті бірнеше күн ішінде басып алуды көздеген Путин режимі үшін кезекті сәтсіздік екені анық», — деп мәлімдейді саясаттанушылар.

Добавить комментарий