Батыстық саясаттанушылар РФ-ның Украинадағы жағдайына қатысты пікір білдірді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/04/speech-51664-1680782442-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Батыстық саясаттанушылардың пікірінше, Путин Украина аумағында соғыста тез әрі оңай жеңіске жетуді жоспарлаған. Алайда, әскери іс-қимылдардың жүріп жатқанына бір жылдан астам уақыт өтті, деп мәлімдейді олар.

Қалыптасқан жағдайға байланысты еуропалық саясаттанушылар: «Путин РФ әскері көршілес елге баса көктеп кіргелі бері қандай «жетістіктерге» қол жеткізді?

  1. Өз армиясын тез қарқынмен жойды. Батыс сарапшыларының бағалауы бойынша, Ресей армиясы 200 000-нан астам адамынан (қаза тапқан және жарақат алған) айырылды. Ресми Киевтің мәлімдеуінше, оккупанттардың 170 000 адамы жер жастанған. Бұл ретте олардың әскери техникасы орасан зор шығынға ұшырады. Соңғы ақпарат бойынша, ресейлік әскерилер Қиыр Шығыстан өткен ғасырдың 40-50-жылдары шығарылған Т-54/55 кеңестік танктерін консервациялап, жібере бастады.
  2. Путин Ресей Федерациясының беделіне айтарлықтай нұқсан келтірді. Қазір РФ бүкіл өркениетті әлемнен оқшауланып, шеттетіліп қалды.
  3. Ресейлік барлау қызметі қоғамдық пікірді зерттеу мәселесінде біліксіз болып шықты. РФ барлау қызметінің бағалауынша, Украина халқының басым бөлігі «орыс әлемін» келуін күткен-мыс. Бірақ Ресей әскерилерінің бақылауында болған қалаларға қарайтын болсақ, Украина азаматтарының РФ құрамында болғысы келмейтіні анық. Херсон украиндық әскерилердің бақылауына өткеннен кейін бір сағатқа жетер-жетпес уақыттың ішінде жергілікті тұрғындар қаланы Украинаның ұлттық рәміздерін ілді.

    Фото: НАТО-ның жаңа стратегиялық тұжырымдамасында Ресей «қауіпсіздіктің басты қаупі» деп аталды

  1. Кремльдің көптеген көршілес елдерімен және бұрынғы жақын одақтастарымен қарым-қатынасы басып кіргеннен кейін едәуір нашарлады. Мәселен, РФ-ның ҰҚШҰ бойынша бес серіктесінің тек Беларусь қана оның баса көктеп кіруін қолдады. Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бейтараптықты сақтап қалды. Соғыс қимылдары ұзаққа жалғасқан сайын, Мәскеу мен Орталық Азия аймағындағы елдердің өзара қарым-қатынасы соғұрлым «алшақтайды».
  2. Путин бастаған соғыс ресейліктердің болашағына балта шапты. РФ президенті Ресейдің 2023 жылға арналған федералдық бюджеті және 2024-2025 жылдарға арналған жоспарлы кезеңі туралы заңға қол қойды — бұл, атап айтқанда, Украинадағы соғыс пен күш құрылымдарының шығындарын арттыруды көздейді. Осыған байланысты денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік шығындар, мәдениет және спорт сияқты басқа салаларға бөлінетін бюджет мөлшері едәуір қысқарады.
  3. НАТО-ның жаңа стратегиялық тұжырымдамасында Ресей «қауіпсіздіктің басты қаупі» деп аталды. РФ Украинаға шабуыл жасалғанға дейін «серіктес» ел болған. Путин өз қолымен НАТО-ны жау қылды».

Батыстық сарапшылар жоғарыда аталғандардың барлығы Украинада соғыс оты тұтанғаннан кейін РФ-да туындаған жағымсыз салдардың толық тізімі емес екенін айтып отыр.

Добавить комментарий