ҚХР төрағасы Си Цзиньпин дүйсенбі күні 20 наурызда Мәскеуге ресми сапармен келді — 2019 жылдан бергі алғаш сапары. Батыстық саясаттанушылар бұл 2022 жылы Украина аумағында әскери іс-қимылдар басталғаннан кейінгі алғашқы сапары екенін атап өтті.
«Айта кетерлігі, бұл сапарды Мәскеу ғана емес, бүкіл әлем күтті. Украинадағы соғыс аясында Қытай қазір басты ойыншы болып табылады, оның пікірі соғыстың барысын өзгерте алады. Барлығы Си Цзиньпиннің Ресей армиясына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізуге келісе ме жоқ па, санкцияларды айналып өтуге көмектесе ме, ал көмектесетін болса қандай дәрежеде көмектесетінін және т.б. жайлы білгісі келді. Батыс Қытайдың қару-жарақ жеткізу туралы шешімі соғыстың ұзаққа жалғасуына алып келетінін түсінеді, өз кезегінде Мәскеу РФ тағдыры ҚХР көшбасшысының қолында екенін біліп отыр», — деп түсіндірді батыстық саясаттанушылар.
Олардың пікірінше, бұл сапардың басты нәтижесі «Бейжің Мәскеуді құтқармайды, сондықтан әлемдік демократиялық қоғамдастықтың күш біріктіруі аясында Ресей мен Путин үшін алдағы перспектива жағымды болай қоаймас».
Келіссөздер қорытындысы бойынша Путин мен Си Цзиньпин РФ мен ҚХР арасындағы «жаңа дәуірге аяқ басатын жан-жақты әріптестік пен стратегиялық өзара іс-қимыл қарым-қатынастарын тереңдету туралы» бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ, тараптар 2030 жылға дейін экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамытуға келісті.
«ҚХР төрағасы Украинадағы соғыста РФ-ға қолдау көрсететіні туралы ешқандай белгі көрсетпеді. Қытай Мәскеуге ешқандай қару жеткізбейді. Өз кезегінде Бейжің Путиннен энергия ресурстарын, пайдалы қазбаларды және т.б. өте арзан бағада сатып алатын болады. Сондай-ақ, Қытай Ресей нарығын өз тауарларымен «жаулап алады». Қазіргі қалыптасқан геосаяси жағдайда Путин ештеңені шешпейді, ол басқа мемлекет басшысының қолында», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Еуропалық саясаттанушылар қалыптасқан жағдайды қарастыра отырып, осындай қорытындыға келді: «Бір жағынан Батыс енді Ресей президентімен ешқандай диалог жүргізгісі келмейді, себебі онымен келіссөздердің тиімсіз екенін жақсы түсінеді. Оның орнына батыс елдері Киевке әскери көмекті арттырды. Екінші жағынан Си Цзиньпин Путиннің Украинадағы соғыс қимылдарын қолдауға уәде берген жоқ».