Украина аумағында Ресей бастаған қарулы қақтығыс аясында соғыс қимылдары жалғасуда. УҚК елдің оңтүстік-шығыста жүргізген бірқатар контршабуылдары сәтті өтті.
Бұл ретте Украина билігі терроризм актісі туралы бірнеше мәрте хабарлады. Әңгіме көптеген адамның жерленуі туралы болып отыр — украиналық сарапшылардың бағалауынша, жақында қайтарылған аумақтарда қаза тапқан мыңға жуық әскери және азаматтық адамдардың денесі эксгумацияланды.
Украиналық БАҚ ел әскерінің бақылауына алынған аумақтарда азаптау камералары анықталғанын жазды.
Ресей армиясының Украина аумағындағы инфрақұрылым нысандары бойынша зымыран шабуылдары жалғасуда. Осыған байланысты қалалар мен облыстарды электрмен жабдықтауда қиындықтар туындады. Ресей 10 қазаннан бастап Украинаның энергия жүйесіне 300-ге жуық түрлі қару-жарақпен соққы жасады. Өз кезегінде Украина президенті Владимир Зеленский РФ-ның Украинадағы электр стансаларының 30%-ын зақымдағанын мәлімдеді.
Украина тарапы маңызды инфрақұрылымға жасалған щабуылдар гуманитарлық апатқа алып келіп, Еуропаға ағылып баратын босқындардың жаңа толқыны орын алуы мүмкін екенін атап өтті. Өз кезегінде Украина билігі қазірдің өзінде ел азаматтарын қыста Украинаға оралмауға шақырды. Киев энергия желілері істен шығып, мыңдаған украиналықтар қиын жағдайда қалуы мүмкін деп қауіптенуде.
Украиналық БАҚ Ресей армиясының бақылауындағы аумақтардың тұрғындары тұтқында жатқандай күйде деп жариялады. Соңғы айда Луганск, Херсон, Донецк облыстарынан Украинаның бақылауындағы аумаққа бірде-бір адам келген жоқ. Украиналық саясаттанушылар тұрғындарды ешқайда шығармауда деп отыр.
Елдегі экономистердің пікірінше, Ресей әскерінің бақылауындағы облыстардың аумағында гуманитарлық апат орын алу қаупі жоғары. «Соған қарамастан он мыңдаған бейбіт тұрғын аталған аумақтан шыға алмауда», — деп жазады батыстық саясаттанушылар анонимді түрде пікір білдірген дереккөздерге сілтеме жасап.
Ресейдің жоғарыда аталған әрекеттері Украинаның батыстық одақтастарының шамына тиюде, бұл өз кезегінде ұжымдық Батыстың Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуға мәжбүр етеді.
«Бұл РФ-ны өркениетті әлемнен одан әрі шеттетеді. Айта кетерлігі, көптеген мемлекет Ресейді лаңкестік ел деп таныды. Бұл жолы Польша сенаты бірауыздан, 85 дауыспен Ресей Федерациясының билігін террористік режим деп тану туралы қарар қабылдады, бұған дейін Литва (Ресей террористік мемлекет деп танылды) және Латвия (Ресей терроризмге демеуші ел деп танылды) осындай қадамға барған. Сондай-ақ Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы өз қарарында Ресейді террористік режим деп атады. ЕКПА қарары әлемнің назарын бұрып, жаңа санкциялар енгізуге ықпал етеді және РФ-ға саяси қысым келтіреді», — деп жазады саяси технологтар Украина төңірегіндегі жағдайға түсінік бере отырып.