Батыс Украинаға мызғымас қолдауын жалғастырады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-36992-1661149506-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Төрт батыс елінің көшбасшыларының бірлескен телефон арқылы сөйлесу барысында Украинаны одан әрі қолдау мәселесі көтерілді.

Келіссөздер 21 тамыз, жексенбі күні өтті.

ГФР Канцлері Олаф Шольц, Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон және Франция мен АҚШ президенттері Эммануэль Макрон мен Джо Байден Украинаға «Ресей агрессиясынан қорғануы үшін қолдау ұзақ мерзімді перспективада жалғасады» деген ортақ шешімге келді.

Сонымен қатар, төрт ел басшылары Запорожье АЭС-те қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қорғаудың маңыздылығын жақтап, МАГАТЭ миссиясын аталған нысанға жіберу идеясын қолдап, атом станциясының маңында әскери ұстамдылыққа шақырды.

Тамыз айында The Telegraph газетінің колумнисі Ричард Кемп өз мақаласында Киевке көмек көрсетіп отырған батыс елдерінің Украинаға қолдау көрсетуге деген қызығушылы қашан тоқтайтынын болжады. Оның пікірінше, үш айдан кейін орын алады, себебі олар ішкі экономикалық проблемаларға тап болады.

Добавить комментарий