Батыс сарапшыларының пікірінше, Ресей Қазақстанның егемендігіне тағы да шабуыл жасауда

Қазақстанда орыс тіліне қатысты оқиғалар Ресейде тамыздың ортасынан бастап қызу талқыланып келеді. РФ саясаткерлері Қазақстанда ксенофобия фактілері бар екенін айтуда. Бұл мәселе ресейлік БАҚ-та ҚР-дағы «тілдік патрульдер» жайлы ақпарат пайда болғаннан бері Ресейде басты тақырыпқа айналды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық видеоблогер Қуат Ахметов YouTube-тағы арнасына дүкенде орыс тілді сатушылардан қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етіп, егде жастағы әйелдерді камера алдында кешірім сұрауға мәжбүр еткен видео жариялаған болатын, ол полиция келгенде кейін тәртіп сақшыларымен орыс тілінде сөйлескен.

Қазақстандық белсенді мен оның жақтастарының әрекетін ресейлік БАҚ «тілдік патруль» деп атады, ал Ресейде «Қазақстанда орыс тілді азаматтарға қысым жасалып», олардың құқықтары «бұзылғаны» туралы жиі айтыла бастады. «Әрине, бұл мәселені түймедейді түйедей еткен, ал ресейлік медиа қоғамға ақпаратты бұрмалап жеткізуде», — деп мәлімдейді батыстық сарапшылар.

Фото: Батыс сарапшылары Ресейдің тілдік патруль деп атаған блогер Ахметов жариялаған видеоларға қатысты пікір білдірді

РФ СІМ басшысы Сергей Ларов «Россия газетінде» жарияланған «Ресей және Қазақстан: шекарасыз ынтымақтастық» атты мақаласында Қазақстандағы орыс тілділерге қарсы ксенофобия туралы айтып, «сыртқы әдістерді» айыптады.

«Қазақстанның орыс тілді азаматтарына қысым жасалып жатқаны туралы жиі және тұрақты талқылаулар Ресейдің Қазақстанға қарсы «ақпараттық агрессияның» бастауы болып табылады. РФ-ның ақпараттық шабуылдары Ресей тарапы үшін қандай да бір маңызды шешім қабылдау үшін Қазақстан үкіметіне қысым жасайтын құрал болып отыр. Мәселен, ҚР аумағында ресейлік атом электр станциясын салу мәселесі. Бұл мәселе Қазақстанда дау тудырады, себебі ел халқы АЭС салуға түбегейлі қарсы», — деп жазады батыстық сарапшылар.

ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновскийдің айтқандарын мысалға келтіруге болады. Саясаткер Ресейге Орталық Азия елдерінен келген еңбек мигранттарын бос жатқан ауылдарға орналастыруды ұсынды. Оның ойынша, Ресейдегі «өлі» ауылдарда шетелдіктер үйреншікті ауыл шаруашылығымен айналысады.

Фото: Батыс сарапшылары Ресейдің тілдік патруль деп атаған блогер Ахметов жариялаған видеоларға қатысты пікір білдірді

Мемлекеттік Дума депутаты Алексей Журавлев Орталық Азиядан келген мигранттарды елден шығармас бұрын еңбек лагерлеріне жіберуді ұсынды. Мұндай сипаттағы пікірлер Ресейдегі саяси алаңда еленбей қалады және Ресей мен Орталық Азия елдері арасындағы өшпенділікті қорлайды немесе қоздырады деп саналмайды.

Сондай-ақ құқық қорғаушы Валентина Чупикпен болған жағдайды атап өткен жөн. Қыркүйек айында Ресей үкіметі Валентина Чупик жалған құжат жасағандықтан ел аумағына кіруіне тыйым салды. «Болжам бойынша, ол Орталық Азиядан Ресейге келген мигранттарға дұрыс қатынаспайтыны жайлы сыни пікірлері үшін кек алды», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Добавить комментарий