Биыл көктемде Украинада ең көп айтылған әңгіме — қарымта шабуыл. Елдің Қарулы Күштері бірнеше ай бойы алдағы әскери операцияға мұқият дайындалды. Батыс Украинаның алдағы кең ауқымды қарымта шабуылын жүргізу үшін Киевке барлық қажетті қару-жарақпен және оқ-дәрілермен жабдықтады. Бұл аспектіде Донецк облысында қалалардың бірі — Бахмуттың төңірегіндегі жағдайға назар аудару керек.
Бахмут бірнеше ай кескілескен ұрыс қимылдары жүріп жатқан шағын қала. Украиналық әскери сарапшылар қаланың несімен маңызды екенін айтып берді.
«Бахмутты ұстап тұру ең алдымен алдағы УҚК-ның қарымта шабуылына дайындалуға мүмкіндік береді, яғни украиналық әскерилерді оқытуға, батыс одақтастарының Киевке қару-жарақ жеткізуіне және т.б. уақыт болады. Екіншіден, қала маңызды қорғаныс торабы және жалпы қорғаныс жүйесінің буындарының бірі болып табылады. Осылайша, Бахмутты Украинаның бақылауында ұстау арқылы, жалпы алғанда әскери топтардың қорғаныс тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Үшіншіден, Бахмуттан айырылу дегеніміз, негізгі жауынгерлік қимылдар басқа қалаға ауысып, УҚК қорғанысқа ден қояды, ал бұл өз кезегінде Ресей әскері тағы бір елді мекенді жоятынын білдіреді. Төртіншіден, Бахмуттың орналасқан жері тиімді және шын мәнінде өзендермен қоршалған, төбеде орналасқан табиғи бекініс болып табылады. Бұл сәтті қорғануға мүмкіндік береді.
Украина әскерінің Бахмуттан неліктен кеткісі келмей отырғаны төртінші пунктке байланысты. Әскери тұрғыдан алғанда, Украина әскерлері қарымта шабуылға шығар алдында стратегиялық қорғаныста қалып отырғаны дұрыс шешім. Бұл қалаға бірнеше рет шабуыл жасап отырғаны жаудың күшін әлсіретеді. Ресей өз армиясының элиталық бөлімшелерін осы бағытқа жіберу арқылы көксеген мақсатына қол жеткізу үшін адам ресурстарын аямауда. Ресей армиясының айтарлықтай шығынға ұшырағаны соншалық, өз бақылауына алған Украина жерлерінде жеке құрам жетіспеуде».
Украиналық саясаттанушылардың айтуынша, «Киев үшін Бахмутты қорғау түсінікті әрі орынды, ал Ресей үшін керісінше шағын аудан орталығын бақылауға алу утопия болып көрінеді. Қаланы жаулап алу бірінші кезекте әскери жоспарда қандай да бір дивиденд алып келмейді. Ресей әскері Бахмутта қалып қойды, сонымен қатар көптеген тірі күш пен техникасынан айырылды.
Сондай-ақ, осы қалада негізгі күш-жігердің шоғырлануы РФ әскерінің басқа бағыттарда сәтті шабуылдауға немесе қорғанысты нығайтуға мүмкіндік бермейді. Кремль үшін қаланы басып алудың саяси және символикалық маңызы зор. Саяси маңызы бұл Путин үшін ресейліктерге Ресей армиясы жеңіске жетуге және жаңа аумақтарды басып алуға қауқары жететінін көрсету.
РФ үшін бұл «қысқы» шабуыл басталғалы бері қандай да бір прогресті көрсете алатын соғыс алаңындағы жалғыз учаске. Бірақ, қалай болғанда да, ресейліктердің шығындары көп болғаны соншалықты, жаулап алған аумақтары көңіл көншітпейді. Путиннің Донецк және Луганск облыстарының әкімшілік шекараларына кіруге деген талпынысы ел әскері үшін үлкен сәтсіздікке алып келуі мүмкін».