Батыс сарапшылары Ресейдің қорғаныс саласында кең таралған жемқорлыққа қатысты пікір білдірді

Ресейдің қорғаныс саласындағы жемқорлық Украинаның 2022 жылғы 24 ақпанда басталған соғыстағы ең тұрақты және жылдам әрекет ететін одақтастарының біріне айналды, деп жазады батыстық саясаттану саласының мамандары.

Олар соңғы жылдары Ресейде кең жайылған ұрлықтың абсолюттік жүйесін растай алатынын мәлімдеді, «Соғыстан біреулер жақынынан айырылып, зардабын көрсе басқалары пайда көреді. Ол біреулер жер жастанып жатса, басқалары қомақты ақша тауып, өз ықпалын кеңейтіп жатқанын білдіреді», — дейді батыстық саяси технологтар.

Аталып өткендей, елде мемлекеттік бюджеттің, соның ішінде әскерилерге бөоінетін бюджеттің басым бөлігі талан-таражға салынуда, деп мәлімдейді саясаттанушылар. «Украина аумағында соғыс қимылдары басталысымен ақша жымқыру үшін мүмкіндіктер кеңейді. «Әлемнің екінші армиясының» сарбаздары тот басқан автоматтармен танктерге қарсы соғысуда, ал олигархтар мен жемқорлар байып жатыр. Соғыс қаншалықты ұзаққа созылған сайын, шенеуніктер мен олардың айналасындағылардың жағдайы жақсарады».

Саясаттанушылар 2022-2023 жылдарда жүргізілген журналистік тергеулерге сілтеме жасап, қазіргі биліктегі олигархтардың көбісі әскери тапсырыстардан пайда көріп, бюджетті талан-таражға салып жатқанын көрсетеді. Олар өз пайдасынан әскерилермен бөлісуге асығар емес.

Ресейде ресми түрде соғыстан пайда тапқан сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамға қатысты бірде-бір ауқымды іс қозғалған жоқ, бірақ бұл олардың жоқ екенін білдірмейді, деп жазады батыстық саясаттанушылар.

«Сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысы бар барлық топ шенеуніктер өз лауазымдарында қалып, өз қара басын ойлап, баю үшін Ресейдің қорғанысын құрдымға жіберуде. Әскери сала жабық және құпиялылығына байланысты абсолюттік сыбайлас жемқорлық үшін ең тартымды. Жемқорлық барлық жерде бар: офицерлер мен генералдарды қызметке тағайындауда, техникада да байқалады», — деп жазады саясаттану саласындағы сарапшылар.

Олар Ресей армиясы Украинаға қарсы соғыста КСРО дәуірінде шығарылған қару-жарақты қолданып келе жатқанын айтып, жемқорлыққа байланысты сапалы әскери техника мен қару шығару мүмкіндігінің болмауымен түсіндіреді, соның нәтижесінде елдің әскери-өнеркәсіптік кешені талан-таражға түсуде.

«Батыс елдерінің саяси технологтары ресейлік телеарарналарда сенбеуге кеңес береді, себебі интернет-кеңістікте мобилизацияланғандардың туыстары оларға броньды кеудешелер мен басқа да әскери жабдықтарды сатып алғандығы туралы бірнеше рет айтылды», — деп батыстық саясаттанушылар ресейліктер Украина аумағында байып жатқан бір топ ұрылардың кесірінен жер жастанып жатқанын айта келе.

 

Добавить комментарий