Ресей мен Украинаның әскери қақтығысы үшінші айға ұласты. Украиналық саясаттанушылар ресейліктердің алға жылжи алмай отыр деп отыр.
Украиналық әскери-саяси билік өкілдері мен батыс сарапшылары соғыс ұзаққа созылады деп топшылауда. «Тараптар оптимистік нұсқа бойынша 6 айға, пессимистік нұсқа бойынша екі жылға дейін созылатын соғысқа дайын болуы керек», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Бірақ қақтығыс ұзаққа созылатын болса тек Украина ғана зардап шекпейді, әлемнің көптеген мемлекеттері ресейдің басқыншылық әрекетінің салдарынан туындайтын зардаптарға тап болады, деп мәлімдейді батыстың сарапшылары. Соғыс тек екі мемлекетке ғана емес, ресейлік және украиналық ауыл шаруашылығы өнімдеріне тәуелді елдерге де әсер етеді. «Мұндай елдердің саны айтарлықтай көп. Мәселен, Украина соғыс басталғанға дейін әлемдегі ең ірі астық өндірушілердің бірі болды. Көптеген елдер, әсіресе Солтүстік Африка арзан украиналық бидайды сатып алып келген. Ресей мен Украинаның қақтығысына байланысты бүкіл әлемде азық-түлік дағдарысы орын алып, кедейшіліктің өсуіне алып келуі мүмкін», — деп жазады олар БҰҰ деректеріне сілтеме жасап.
БҰҰ бағалауынша, 2022-2023 жылдары әлемде 8-13 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін. ГФР экономикалық даму министрі атап өткендей, егер соғыс жақын арада тоқтамаса немесе ортақ шешімге келмесе, онда әлем Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған аштыққа тап болады.
«Ресей БҰҰ болжамдары мен батыстық шенеуніктердің алаңдаушылығы дәл келуі үшін барлығын жасап жатыр. Қазіргі таңда Ресей флоты украиналық астықты порт арқылы шығаруға бөгет қойып отыр, жүгері мен күнбағыс тұқымын қашан шығарылатыны әзірге белгісіз. Украинада егіс науқаны басталды, бірақ толық көлемде жүргізілмегеніндіктен егін жинайтын уақыт келгенде жағдай қандай болатынын тсінуіміз керек», — делінген мамандардың қорытындысында.
ГФР министрі Свенья Шульце Ресей президенті қалыптасқан жағдайға байланысты көптеген елдердің үкіметіне манипуляция жасап, қысым көрсетеді деп қауіптенеді. Ол Владимир Путин Украинаның астығын тек ресейшіл елдерге береді деп есептейді. Сондықтан Ресей әлемдегі азық-түлік дағдарысын шешу үшін атсалысатынына үміттенбеу керек.
Ресейдің басқыншылардың әрекеттеріне байланысты әлемнің көптеген елдерінде азық-түлік дағдарысы, жұмыс орындарынан айрылу, азық-түлік бағасының көтерілуі, кедейшіліктің өсуі және т.б. орын алуы мүмкін.