Батыс сарапшылары Ресей соғыста жеңіске жете алмайды деп есептейді

Украинаның батыс серіктестері соғыстың бастапқы кезеңінде Украинаға ауыз толтырып айтарлықтай әскери көмек көрсете қоймады, негізінен броньды кеудешелер, тасымалданатын зениттік-зымыран кешендері, каскалар, патрондар, атыс қарулары және т.б. жеткізіп отырды.

«Батыс коалициясы Украина соғыс алаңында ұрыс қимылдарын жүргізуге дәрменсіз, тек партизан соғысын жүргізеді деп күтсе керек, сондықтан жеткізілген қару-жарақ жеткілікті деп есептеген.

Оның үстіне Ресей Украинаны басып алған жағдайда соңғы үлгідегі заманауи қару-жарақ Ресей әскерінің қолына түсуі мүмкін деген қаупі болды, ал Батыс мұны қаламады», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Олардың пікірінше, Украина аумағындағы соғыс қимылдары Ресей жеңімпаз бола алмайтын сценарий бойынша жүрді.

Соғыс ұзаққа созыла бастағаннан бері көптеген сарапшылар РФ-ның жеңілгенін және оған «толықтай жеңіске» қол жеткізе алмайтынын мәлімдей жөнелді.

Фото: Сарапшылар Ресей президенті Владимир Путиннің сыртқы саясатына қатысты пікір білдірді

«Ресейге қарсы санкциялар ел экономикасын құрдымға жіберді, мемлекет халықаралық аренада күн өткен сайын оқшауланып, Иран және КХДР сынды елдермен бір қатарға тұрып қалды. Өз кезегінде Ресей армиясындағы былықтың беті ашылды, мәселен, жоғары әскери қолбасшылықтың қауқарсыздығы Қарулы күштерді салдарынан РФ әскері соғыс алаңында бірқатар ауыр жеңілістерге ұшырады, сонымен қатар нашар логистика және т.б. проблемалар болды. Ресей армиясындағы кең тамыр жайған сыбайлас жемқорлықты атап өткен жөн. Көптеген сарбаздарды қажетті амунициямен, әскери формамен және т.б. қамтамасыз етпеуде, қамтамасыз еткен күннің өзінде жеткіліксіз мөлшерде», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Путин мен Кремль өкілдері Батысқа ядролық қаруды қолданамыз деп бірнеше рет қорқытып мәлімдеді.

Ресей билігі «қызыл сызық» жүргізіп, батыс мемлекеттеріне ол жерден аттап өтпеуге кеңес берді.

Өз кезегінде НАТО қару-жарақ өндірісінің көлемін арттырып, Еуропаға қосымша күштерін жібере бастады. АҚШ әскері ақпан айында альянстың шығыс қапталын нығайту үшін Польша мен Литвада әскерін орналасуды жоспарлап отыр.

Фото: Сарапшылар Ресей президенті Владимир Путиннің сыртқы саясатына қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ НАТО альянс қауіпсіздігінің жаңа стратегиялық тұжырымдамасын қабылдады, онда Ресейді басты қауіп деп аталды.

«Айта кету керек, альянс РФ әскері Украинаға баса көктеп кіргенге дейін және Путиннің қоқан-лоқысына дейін РФ-ны «стратегиялық серіктес» деп санаған және қару-жарақ өндірісін арттыруды жоспарламаған», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.

Мәскеудегілер Батыс Украинаға 2014 жылдан бері 8 жыл бойы қару-жарақ жеткізіп келеді деп бірнеше мәрте айыптады. Ал Украиналық саясаттанушылар батыс елдері Ресей әскерлері баса көктеп кіргеннен кейін бір жыл өткеннен кейін ғана ауыр қару-жарақ бере бастағанын айтты.

Олар Украинаға одақтастары көктемде батыстық үлгідегі алғашқы танктерді жіберетінін мысал ретінде келтірді.

«Ресей-Украина соғысы 2014 жылы басталғанымен, Ресейдің Украинаға баса көктеп кіруі Батыс елдеріне Украинаны біртіндеп қару-жарақ жеткізе бастауына серпін берді», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Батыстың Киевке танк беру туралы шешімінен кейін Ресей президенті қызыл сызық туралы мәлімдеп, РФ шекарасына танк жіберетіндерге ол «тек бронетехникамен» ғана қарымта жауап бермейтінін айтты. Елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Батыс елдерін «нацизм» және «орыс мәселесін шешу» ниеті үшін айыптады.

Добавить комментарий