Батыс сарапшылары Ресей одақтастық қатынастарды нығайту үшін Қазақстанға қалай ықпал ететінін айтты

Елімізде орын алған соңғы оқиғаларға байланысты РФ-да билік басында отырғандар Қазақстанның сыртқы және ішкі аренадағы барлық маңызды шешімдерін солтүстіктегі көршісімен келісіп отырып қабылдауы керек деп есептейді, дейді батыс сарапшылары.

Қос елдің қарым-қатынасында дау тудырып отырған маңызды мәселелердің бірі тіл саясаты және ҚР-ның сыртқы саясатындағы көпвекторлы бағыты.

«Екінші жағынан, Мәскеу көршісіне қатысты мүлдем қайшы әрекеттерге жасайды. Мәселен, Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың Мемлекеттік дума депутаттарының Қазақстанның жеріне қатысты айтылған мәлімдемелрге бірнеше айдан кейін пікір білдірді. Еске сала кетейік, министр арандатушылық мәндегі мәлімдемені айтқан саясаткерлер назарын өздеріне аударту үшін «сенсация іздеп тұрады» деген болатын. «Ресей Федерациясының Қазақстанға қатысты саясатын белгілейтін тұлғалар мұндай сөздерді айтқан жоқ, айтпайды да», — деп жазады батыс саясаттанушылары.

Ресей Орталық Азиядағы ұстанымын нығайту үшін Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда

«Ресей Қазақстандағы ықпалын нығайтқысы келеді, сондықтан Мәскеу ҚР-ға қатысты айыптау және сынға алуға негізделген саясатынан бөлек Қазақстанға РФ-ның жағымды жағын көрсету үшін жұмсақ күш пен әрекеттерді қолданып келеді», — дейді батыс сарапшылары.

Мәселен, сарапшылардың айтуынша, Ресей қиын сәтте Қазақстанға бауырластық көмек көрсетті, оның ішінде ҰҚШҰ желісі бойынша елдегі дағдарысты тез арада еңсеруге көмектесті.Кейбір сарапшылар қос ел бір-біріне жылы қабақ танытуда деп отыр.

Батыс сарапшылары Ресей Федерациясының коронавирусқа қарсы вакциналарды жеткізуі және АҚШ Ауғанстаннан кеткеннен кейін лаңкестік шабуыл болуы мүмкін деген ескертулері манипуля екенін айтады. Олардың пікірінше, Мәскеудің іс-қимылдары Орталық Азиядағы өз ұстанымдарын нығайтуға бағытталған.

Ресей Орталық Азиядағы ұстанымын нығайту үшін Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда

«Ресейлік массмедиалар тәліптерден төнетін қауіп-қатер деңгейі жоғары деген ақпарат таратқан. ҰҚШҰ өзін ОА-дағы агрессияға қарсы тұра алатын жалғыз қорғаушы күш ретінде көрсетті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға қатысты барлық мәселелер бойынша Ресеймен бірыңғай желіні ұстанатынын атап өтті», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

«Орталық Азия ерекше геосаяси кеңістік болып қала береді, онда пандемиялық кезеңде Ресей тарапынан вакциналар дипломатиясы бейнеленеді. РФ мен Батыс арасындағы геосаяси қақтығыс шиеленісіп бара жатқандықтан, Мәскеу өз жағында одақтас болу үшін кез келген әдіспен Қазақстанға өз ықпалын кеңейтуге тырысатын болады. «, — дейді сарапшылар.

Добавить комментарий