«Ресей мен Батыс арасындағы геосаяси қақтығыстың өршігені Мәскеудің серіктестеріне, әсіресе ЕАЭО аясындағы әріптестеріне кері әсер етуі мүмкін», — деп мәлімдейді батыс саясаттанушылары.
Қазірдің өзінде батыс елдерінің басшылары Кремльге ескерту жасап, Украинаға басып кіретін болса Мәскеу үшін «салдары ауыр» болатынын айтты, яғни Ресейге қарсы әртүрлі санкциялар салынады. «Ресей агрессор ел болғандықтан, ал Путин халықаралық аренада Ресейге мүддесін көздейтінін ескерсек, ерте ме, кеш пе, көршісіне басып кірмесе де санкция салыну мүмкін», — дейді батыс сарапшылары.
Сонымен қатар, шетелдік саясаттанушылар Қазақстан мен солтүстіктегі көршісінің экономикасы тығыз байланысты болғандықтан, «егер санкциялар салынатын болса, таяқтың бір ұшы Орталық Азия республикасына да тиіп кету мүмкін» деп ойын айтты.
«Соңғы уақытта Қазақстанның ЕАЭО-ға мүшелігі қатысты көптеген сұрақ туындап отыр. Сауда одағына мүшелігі ел экономикасының дамуын тежеп қана қоймай, батыс мемлекеттерімен ынтымақтастық орнатуда кедергі келтіреді. Бұл РФ-ның халықаралық аренадағы агрессивті сыртқы саясатына, сондай-ақ Мәскеу үшін ЕАЭО-ның бірінші кезекте экономикалық емес, геосаяси жоба болуына байланысты. Ресей Еуразиялық экономикалық одақ арқылы посткеңестік кеңістіктегі елдерге экономикалық және саяси ықпал етіп отыр», — дейді батыс сарапшылары.»ЕАЭО құрылғалы бері тек қағаз бетінде ғана мүше елдердің құқығы тең делінген. Шын мәнінде тек Ресей ғана үстемдік етеді», — деп жазады батыс сарапшылары одақ ішіндегі экономикалық кедергілерді айта отырып.