Батыс сарапшылары Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

«Қазақстан үкіметі мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде ұлттың ұлттық-патриоттық тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан халқының ұлттық сана-сезімін тәрбиелеу, ұлттық мүддені қорғау мәселесі басты назарға алынды. Мұндай даму векторы жайдан жай таңдалмады. Қазақстан Үкіметі мұндай даму векторы ұлттық сана-сезімнің оянуына септігін тигізетініне сенімді және сол арқылы Ресейге Орталық Азия республикасы Ресей Федерациясының айтқанын бұлжытпайтын орындайтын ел емес екенін тағы бір рет көрсетеді.

Олардың пікірінше. «Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғалы бері Мәскеу көршілес елдің сыртқы және ішкі саясатына әрдайым араласып отырды».

«Кремльге көршілес елдің тәуелсіздік алғалы бері сыртқы саясатында көпвекторлық бағытты ұстанып, соның арқасында Орталық Азиядағы көшбасшы елдердің бірі болып қана қоймай, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерімен, оның ішінде АҚШ пен Қытай секілді алып елдермен тұрақты және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуы ұнамады. Егер жоғарыда айтылғандарды назарға алатын болсақ, Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас соңғы екі жылда бұрын-соңды болмаған өзгерістерді бастан өткергенін атап өтсе болады. Қазақстан Кремльдің орбитасынан шығудын амалын жасап жатыр, ал Ресей болса бұған барынша кедергі келтіруде. Іс жүзінде Қазақстан ұзақ жылдар бойы Кремльдің айтқынан шықпайтын серіктес ел болды, бірақ Мәскеу көршісіне деген ықпалын одан әрі кеңейтпек болды», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Елдегі тіл патрульдері мен міндетті қостілділікті жою туралы заңдардың қабылдануы саяси ортада резонанс тудырып, Орталық Азия елінде орыс тілді азматтарды кемсітіп жатқаны айтыла бастады.

Ресейдің ақпараттық кеңістігінде Қазақстан билігі саналы түрде РФ мен елдегі орыс тілді азаматтарға қатысты достыққа жатпайтын заң қабылдап жатқаны туралы материалдар жарияланды. Мәселен, барлық көрсеткіштер, маңдайшалар мен мәзірлер тек мемлекеттік тілде болуы керек деген заң қабылданжы. «Бұл мақалалар Ресейдің Қазақстанның саяси басшылығына қысым көрсету саясатының дәйекті жалғасы болып отыр», — дейді батыс саясаттанушылары Украина аумағында болып жатқан оқиғаларды еске сала отырып. Еліміздегі екі облыстың тұрғындары автономия құру туралы талап қойып, орыс тілді азаматтарға қысым жасалып жатқанын жариялады.

Украиналық саясаттанушылар Қазақстан билігіне Украина аумағында қалыптасқан жағдай орын алмас үшін, «солтүстік көршісінің осы секілді мәлімдемесіне қатысты өте мұқият болуға» кеңеседі бер.

Добавить комментарий