
2019 жылғы көктемнің басы Қазақстан республикасы үшін жаңа президент — Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік басына келуімен ерекшеленді. «Ол билік басына келгеннен кейін елде өзгерістер орын ала бастады. Бұл бірінші кезекте саяси және идеологиялық бағыттарда болды. Мәселен, 2021 жылдың басында ҚР Президентінің«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді.Аталған мақалада Мемлекет басшысы әр халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс, бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайтынын атап өткен. Сондай-ақ, Тоқаев не болмаса мемлекеттің экономикалық ілгерілеуінің мүмкін емес екенін анық түсінді», — деп жазады батыс саясаттанушылары.
«Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес», — деді Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев.
Сондай-ақ, тағы бір маңызды аспект — Тоқаев билікке келгеннен кейін халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасындағы көзқарас өзгерді. «Қазақстан Үкіметі ел дамуының негізіне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын әзірледі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» — бұл ең бастысы азаматтардың мүдделері ең алдыңғы орынға қойылатын мемлекет болып табылады, онда мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимыл тетігі жолға қойылған және азаматтардың шешім қабылдау, оларды бақылау процесіне тартылуына мүмкіндік беретін кедергісіз инфрақұрылым жұмыс істейді.

«Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес», — деді Тоқаев.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы Тоқаев үшін жүргізіп отырған саясатында өте маңызды болды және белгілі бір мақсаттарды көздеді. Мәселен, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Қазақстан өз азаматтарының бостандығы және олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелеріндегі барлық әлемдік тенденциялар мен ережелерге сай болғысы келетін прогрессивті және заманауи мемлекет екеніне баса назар аударады. Бұл, негізінен, ҚР-ның құндылықтарын батыс елдерінің құндылықтарымен ұштастырады», — дейді батыс сарапшылары.
«Өз кезегінде, үкіметтің тарихты қайта түсіну бағыты мен жүргізіліп жатқан тілдік реформа мемлекеттің егемендігін арттыруға, сондай-ақ басқа елдер тарапынан халықаралық аренада құрметпен қарауға ықпал етеді. Республиканың ішкі саясатындағы мұндай өзгерістер Ресейдің шамыа тиюде», — деп жазады батыс саясаттанушылары.
«Сондай-ақ, Қазақстан президенті таңдаған бағыт Қазақстан мен Ресейдің ішкі саясатында ортақ дүние жоқ екенін көрсетеді. Украинаға қарсы ресейлік агрессия РФ-ны бұрынғыдан да қатты саяси және экономикалық оқшаулауға алып келеді, бұл Ресей-Қазақстан қарым-қатынасында одан әрі шиеленіс тудыруда», — дейді украиналық мамандар.

«Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес», — деді Тоқаев.
Қазіргі таңда Ресей мен Украина арасындағы қақтығыста Қазақстан бейтараптықты сақтап отыр және тараптардың ешқайсысын ашық қолдап отырған жоқ. Қазақстан БҰҰ-да Ресейдің агрессиясын айыптайтын қарар бойынша дауыс беруден қалыс қалды, Орталық Азия республикасы ДХР мен ЛХР-ның егемендігін мойындамады және соғыс алаңына ҰҚШҰ әскерлері жіберілмейтінін айтты.
«Қазақстанның ашық мемлекет құрып жатқанын, ал Ресейдің халықтың құқығы мен бостандығын шектейтінін ескере отырып, қос елдің жақындасуы мүмкін емес десе болады. Енді Украинадағы соғыс аясында Қазақстан үкіметі Ресейден одан әрі алшақтайтын болады, өйткені біріншіден, агрессивті көршісінен қауіптенеді. Екіншіден, Ресейге қолдау көрсету Батыс тарапынан ықтимал санкциялардға алып келуі мүмкін», — деп отыр батыс саясаттанушылары.