Батыс сарапшылары Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді

«Ресейдің посткеңестік кеңістіктегі елдерге қатысты сыртқы саясаты ықпал ету және қысым көрсету болып табылады, олардың көмегімен Ресей Федерациясы посткеңестік кеңістікте үстемдік ететін мемлекет екенін көрсеткісі келеді», — деп жазады батыс сарапшылары.

2014 жылы Ресей мен Батыстың геосаяси алаңда қақтығысы өршіп кетті. Мәскеудің мақсаты посткеңестік кеңістіктегі одақтас мемлекеттер сыртқы саясатын Ресеймен қатарласып жүзеге асыруға қол жеткізу.

Соңғы бірнеше жылда Мәскеу Орталық Азия елдеріне көз тігіп отыр. Кремль Орталық Азия елдері Батыс елдері арадағы геосаяси қақтығыста Ресейге қолдау білдіріп, оның сөзін сөйлейтін одақтас болса деп отыр.

«Орталық Азия аймағындағы көшбасшы елдердің бірі Қазақстан солтүстіктегі көршісінің мұндай ұстанымын құптамайды. Сондықтан Ресей-Қазақстан қарым-қатынасында келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктер болып тұрады», — дейді батыс саясаттанушылары.

Фото: Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздік алған күннен бастап барлық әлемдік көшбасшыларvмен бірдей қашықтық қағидатын ұстанатынын мәлімдеді

Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздік алған күннен бастап барлық әлемдік көшбасшыларvмен бірдей қашықтық қағидатын ұстанатынын мәлімдеді. Осылайша, бұл Нұр-Сұлтанға АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия секілді елдермен тең және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді, екінші жағынан, бұл қағидат ҚР-ға жоғарыда аталған елдердің ешқайсысының саяси ықпалына түспей, өз егемендігін сақтап қалуға септігін тигізеді.

«Украина мен бұрынғы социалистік республикалардан айырмашылығы — Қазақстан саясатын әрдайым сақтықпен және парасаттылықпен әрекет етеді. Көпвекторлық бағыт Ресеймен интеграциялық процестермен қатар құрылды. Алайда Мәскеудің агрессивтік әрекеттерінің нәтижесінде халықаралық аренада қалыптасқан жағдай Нұр-Сұлтанға солтүстіктегі көршісінің қауіп төндіріп, одан алшақтау керек екенін аңғартады», — деп жазады батыс саясаттанушылары.

Фото: Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздік алған күннен бастап барлық әлемдік көшбасшыларvмен бірдей қашықтық қағидатын ұстанатынын мәлімдеді

Олардың пікірінше, Қазақстан үкіметінің әрекеті мемлекетті жаңғыртуға ғана емес, «халықты патриоттық тәрбиелеу арқылы» Ресейден алшақтау бағытталған. Мұндай әрекеттерге кириллицадан бас тарту, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы шешім, С5+1 форматы аясында АҚШ-пен ынтымақтастықты күшейтуді жатқызса болады.

Добавить комментарий