
Қытай билігі Украинадағы қақтығыста бейтараптықты ұстанатынын мәлімдеді. Алайда кейбір батыс саясаттанушылары Қытайдың бейтараптық ұстанымы өзгеше деп отыр.
Қытай Ресейге әскери көмек көрсетпей отырғанына қарамастан, кейбір батыс мамандарының пікірінше, соңғы уақытта айтарлықтай артқан кибершабуылдарға қатысы бар болуы мүмкін.
2022 жылдың ақпан айында баса-көктеп кіру ықтималдығы жоғары болғандықтан, барлық кибершабуылдарға Ресей айыпталды.
Украинаның Киберқауіпсіздік орталығының мәліметінше, кейбір хакерлік шабуылдарды ресейліктер емес, қытайлық хакерлік топтар жасаған.
«23 ақпанда басып кіру мен бомбалауға бірнеше сағат қалғанда кибершабуылдардың рекордтық саны тіркелді. Хакерлік шабуылдарға ұшыраған Украинаның ресми ресурстары: Қорғаныс министрлігі, Қаржы министрлігі, ҰҚҚК, «Укрзалізниця», Әділет министрлігі, Мемлекеттік шекара қызметі, ІІМ, Ұлттық банк, «Дія», Жоғарғы Рада аппараты, Украина мемлекеттік киберқорғау орталығы, Украинаның Қазынашылығы және басқалары бар», — деп хабарлады Украинаның киберқауіпсіздік орталығы.
Кибершабуылдар әскери операция басталар алдында болады деп күтілді, сондықтан олардың көбісі сәтті бұғатталған. Алайда, кейбірі цифрлық ресурстарды біршама уақытқа зақымдады. Алайда көп ұзамай олардың жұмысы қалпына келтірілді.
Украина Киберқауіпсіздік орталығы кибершабуылдарға Қытай тарапының қатысы бар деп хабарлады. Ол атом кәсіпорындары мен олармен байланысты компанияларға қарсы эксплойттарды (жүйенің осал жерін іздейтін бағдарлама) пайдаланған.
Орталық қытайлық хакерлер Украинаның Ядролық реттеу мемлекеттік комитетіне, Ядролық реттеу мемлекеттік инспекциясына және қауіпті қалдықтарға арналған Украинаның зерттеу веб-сайтына шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Батыс саясаттанушылар Украинадағы жағдайға қатысты Қытайдың бейтараптық ұстанымына қатысты пікір білдірді
Украиналық БАҚ-та аталған жүйелерге шабуыл сәтті болғанда ядролық апат орын алуы мүмкін екендігі айтылған. АЭС қызметі туралы есептік деректерден бөлек, хакерлер Украина ядролық қондырғыларын басқаруы мүмкін еді.
Қытай жоғарыда аталған кибер-шабуылдарды ұйымдастырды деген айыптарды жоққа шығарды.
БАҚ шабуылдардың басым бөлігі инфрақұрылым объектілерінің жұмысын қамтамасыз ететін ұйымдардың және қызметіне Украина қалаларының тіршілік ету жүйелерін қамтамасыз ету кіретін сайттарға жасалғанын жазды.