Батыс саясаттанушылары тіл мәселесі Ресей-Қазақстан қарым-қатынасында шиеленіс тудыратынын айтты

Батыстық саясаттанушылар Қазақстандағы тіл мәселесіне қатысты жанжалға пікір білдірді.

«Соңғы кездері тіл мәселесі Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа бөгет болғанын айтты. Кремль Орталық Азия елдерінде орыс тілді азаматтарға қысым жасауға бағытталған жұмыс жүргізілп жатқандай қылып көрсетіп, дабыл қағуда», — деп жазады батыстық сарапшылар. Олар ресейлік саясаткерлердің Орталық Азия елдерінде орыс тілді азаматтарға қысым жасалып жатқанын бірнеше мәрте көтергенін атап өтті. Сондай оқиғалардың бірі Қырғызстан астанасы Бішкекте болды. Дүкенде ер адам өзі агрессивті ұстап, оған қырғызша емес, орыс тілінде жауап берген сатушы қызға қатысты күш қолданған. Ер адам оның басына калькулятор лақтырып жіберген.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаны жарыса жазып, оның әрекетін тек бұзақылық деп қана қоймай, елдегі орыс тілді азаматтарды қорлайтын және қысым жасайтын әрекет екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, орыс тілді баланы спорттық оқу-жаттығу жиындарында он күн бойы ұрып-соғып, моральдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, бұл туралы оның жаттықтырушысы хабардар болған. Оны қырғыз тілін білмегені үшін және православие дінін ұстанатына және ұлтына байланысты соққыға жығып, Құран оқуға мәжбүрлеген.

Бұл жайт ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновскийдің назарынан тыс қалмады. Партия атынан Мемлекеттік Дума сайлауына қатысатын үміткерлердің кеңесі кезінде РФ елшісін Қырғызстаннан қайтарып, елмен сауда-экономикалық байланыстарды үзуді ұсынды.

Фото: Ресейде интернет пен БАҚ беттерінде Қазақстандағы тіл мәселесі кеңінен талқылануда.

Қазақстанда орыс тілді азаматтарға қатысты шабуыл жасалғаны туралы бірнеше жайт Ресейде қызу талқыланды. Ресейлік БАҚ беттерінде әлі күнге дейін тілдік патрульдерді кеңінен жариялауда. Естеріңізге сала кетейік, видеоблогер Қуат Ахметов пен оның серіктесері дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарын аралап, дөрекі түрде қазақша сөйлесуді талап етеді, сондай-ақ қазақ тілін білмеген егде жастағы әйелдерді видеоға кешірім сұрауға мәжбүр еткен.

Ресейлік БАҚ қазақстандық блогердің әрекетін жағымсыз қылып көрсетті. Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачев Қазақстандағы ұлтшылдардың орыс тілді азаматтарға қарсы акциялары қос елдің және халықтар арасындағы қарым-қатынастың тату көршілік сипатына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Ресейлік мемлекеттік қызметші Мария Захарова Ресей ҚР-дағы ұлтшылдық мәселесі бойынша артық кеткен кез келген жағдайды мұқият қадағалайды деп мәлімдеді.

Фото: Ресейде интернет пен БАҚ беттерінде Қазақстандағы тіл мәселесі кеңінен талқылануда.

«Ресей Қазақстанды орыс тілді азаматтарға қысым жасады деп айыптап, елдер арасындағы және халықтар арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсірді», — деп жазады батыстық саясаттанушылар. Олар сондай-ақ Сбер банкінің банкоматтарында мемлекеттік тілге ауысу функциясы жұмыс істемейтінін атап өтті.

Добавить комментарий