Батыс саясаттанушылары ресейлік әскерилер қатыгез екенін мәлімдеді

Ресей билігі Украина аумағындағы соғыс қимылдары басталғанда ресейліктерге ешқандай қауіп төнбейтінін мәлімдеген: Ресей, мемлекет ретінде одан әрі дамитын болады, ал қарапайым азаматтар молшылықта өмір сүреді.

«Бірақ уақыт көрсеткендей, бұл қақтығыс локалды болмады, бұл нағыз соғыс, оған жүздеген мың адам тартылды. Аталған қанды соғыс бірнеше аптаның ішінде Ресейді әлемнен оқшаулады. РФ әскерінің іс-әрекеті салдарынан батыс қоғамдастығы Ресейге қарсы санкциялар салды. Ресей экономикасы қиын кезеңдерді бастан өткеруде, сарапшылар бұл тек басы ғана деп отыр. Ресейлік халқы да зардап шегуде және алдағы айларда санкциялардың жағымсыз салдарын қатты сезінетін болады», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

РФ әскерінің іс-әрекеті салдарынан батыс қоғамдастығы Ресейге қарсы санкциялар салды

Олардың пікірінше, «Ресей армиясы намыс, қадір-қасиет, күш-жігер және ерлік сияқты сөздерден жұрдай».

Ақпараттық алаңда Буча, Ирпень, Гостомель бойынша бейнематериалдар таралды. Олардың авторларының айтуынша, ресейлік сарбаздар бейбіт тұрғындарды өлтірген.

«Украинадағы зұлымдықтарға қай жоғары қолбасшылықтың бұйрығымен жасалғаны белгісіз, бірақ соғыста бейбіт тұрғындарды өлтіру көбінесе элита өкілдерінің ымдап берген рұқсатымен орындалады», — деп жазады украиндық саясаттанушылар.

РФ әскерінің іс-әрекеті салдарынан батыс қоғамдастығы Ресейге қарсы санкциялар салды

Бұған дәлел ретінде генерал Александр Дворников жаңа қолбасшы болғаны келтірілді, ол «Сириядағы және басқа да соғыс аймақтарындағы бейбіт тұрғындарға қатысты қатыгездігімен танымал».

Добавить комментарий