Ресей үкіметі ұлы держава мәртебесіне қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салуда. Алға қойылған мақсатқа жету үшін НАТО-ның шығыс бағытындағы жоспарларына кедергі келтіріп жатыр. Кремль Батыс пен Солтүстік Атлант келісімі ұйымы (НАТО) Ресейді қоршауға алмақ деп мәлімдеуде.
Осыған байланысты Мәскеу Еуропадағы қауіпсіздік саласында өз талаптарын қойып, НАТО өз құрамына жаңа мүшелерді қабылдамауы керек деп мәлімдеді және АҚШ-тың бұрынғы кеңестік республикаларда жаңа базалар құруға тыйым салуын талап етті. Ресей мен Батыс арасындағы шиеленісті басуға бағытталған келіссөздер осы мәлімдемелерден кейін сәтсіз аяқталды.
Ресейдің қойып отырған талаптары жанама түрде Қазақстанға да қатысты болды. Мәселен, Мәскеу НАТО-ның «Шығыс Еуропа, Закавказье және Орталық Азияда» оқу-жаттығу өткізуге құқығы жоқ деген келісім ұсынды. Бұл мәлімдеме Қазақстан үшін белгі болуы керек, себебі бұл еліміздің және Орталық Азия елдерінің егемендігіне тікелей қауіп төндіреді. Қазақстанның АҚШ-пен әскери ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді, ал ҚР-ның солтүстік көршісінің мұндай талаптары осы қарым-қатынасқа «балта шабуы» мүмкін.
Қазақстан мен Ресейдің ЕАЭО-дағы өзара қарым-қатынасын назарға алып, солтүстіктегі көршілес елдің Орталық Азия республикасына не істеуге қабілетті екені айтпаса да түсінікті. Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері Ресей саясаткерлері Қазақстан мен Ресей сенімді одақтастар, стратегиялық әріптестер және тату көрші деген сияқты мәлімдемелерді көп айтатын болды. Осы сипаттағы мәлімдемелер шын жүректен айтылды ма? ЕАЭО-ның құрылуы Ресейге посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерге экономикалық және саяси ықпалын кеңейтге септігін тигізді.
Осылайша, Путин Ресейдің әлемдік аренадағы ұлы держава мәртебесін нығайтпақ болды. Әрине, Ресей президенті ЕАЭО-ны құру кезінде дәл осы мүдделерді көздегенін дәлелдеу мүмкін емес. Осы уақыт аралығында РФ аталған Одақтың көшбасшысына айналды. Ресей сауда одағын өз геосаяси мүддесін шешу үшін құрал ретінде қолдануда. «Кремль экономикалық одақты саясиландырып, ҚР-ны Батыспен қақтығысуға шақыруы мүмкін», — деп есептейді батыс саясаттанушылары. Кремль ҰҚШҰ арқылы да өз мүддесін іске асырмақ, аталған ұйымда Ресей үстемдік етеді. Бұл ұйымды Мәскеу НАТО-ның басты қарсы салмағы ретінде қарастырады.