Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Батыс саясаттанушылары ЕАЭО-да тең құқылы қатынас орнамайды деп санайды

28 марта 12:47 / Опубликовано в Маңызды

«2015 жылы құрылған Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан үшін саяси және экономикалық тұрғыдан темірқазыққа айналған сыңайлы. Ресейдің Украинаға баса-көктеп кіруі және ресейлік агрессияға байланысты батыс елдері салған санкциялар РФ-ның жақын сауда серіктесі Қазақстанға да таяқтың бір ұшы тиюі мүмкін. Санкциялар Қазақстан экономикасына кері әсер етуде, ұлттық теңге бағамы құлдырап барады, әсіресе бұл Ресейдің Украинаға басып кіргенінен кейін айқын байқалды», — деп жазды шетелдік саясаттанушылар.

Ресей астық экспортына тыйым салып, Қазақстанға және ЕАЭО бойынша басқа де серіктестеріне қант экспортын шектеді. Тиісті шешімді кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу жөніндегі кіші комиссия мақұлдады. Екі шара да 2022 жылдың жаз айының соңына дейін қолданыста болады. Қабылданған шаралар санкциялық қысым аясында азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және ресейлік тұтынушылар мен ішкі нарықты қорғауға тиіс. «Көріп отырғанымыздай, экономикалық одақтың ішінде де экспорт пен импортты тоқтатуға болады екен», — деп түсіндірді батыс экономистері.

Батыс сарапшылары ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікір білдірді

«Мұндай шешім ЕАЭО-да сенімді және тең құқылы қатынастың орнамайтынын тағы бір мәрте көрсетті, себебі аталған сауда блогы құрылғалы бері бір ел ғана өзіне тиімді болатындай әрекет етеді.Ресей қабылдаған шешім Қазақстанды ауыр жағдайға қалдыруы мүмкін, себебі Орталық Азия республикасы 2020 жылы РФ-дан 172, 6 млн долларға қант импорттады. Тағы 20 млн доллар астық импортталды. Егер ҚР Сауда және Интеграция министрлігі дұрыс дайындалмаса және тұрақтандыру қорларында қант жеткіліксіз болса, онда қазақстандықтар аталған өнімнің бағасы айтарлықтай өскенін сезінеді», — деп жазады батыс сарапшылары.

Батыс экономистері ЕАЭО-ны Ресейге ұлы держава мәртебесін алуға бағытталған геосаяси жоба деп есептейді. Аталған сауда блогы Мәскеуге бірқатар мемлекеттерге экономикалық және саяси ықпал етуге мүмкіндік берді.

Батыс сарапшылары ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікір білдірді

«2018 жылы Мәскеу Украина экспортына шектеулерді ұзартқанда Қазақстанға кері әсер еткен. Кремльдің бұл шешімі Украинадан Қазақстанға РФ аумағы арқылы тауар тасымалдауға тыйым салды. Осы жарлықтың салдарынан Украина ғана емес, Қазақстан да зардап шекті. Қазақстанның ЕАЭО-ға мүшелігі — Ресейге тәуелділік десе болады, бұл өз кезегінде ҚР экономикасын артқа тартады. Халықаралық аренада Қазақстанның РФ-ға тәуелділігі экономикалық жағынан ғана емес, саяси жағынан да артатын болады. Қазақстанда билік басындағылар солтүстіктегі агрессивті солтүстік көршісінен біртіндеп алшақтау үшін шаралар қабылдау қажет», — дейді батыс саясаттанушылары.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: ЕАЭО, Ресей, саясаттанушылар, Қазақстан, қарым-қатынас

Читать ещё

Қазақстанда электр энергиясының тарифтері қайта өседі
Батыс саясаттанушылары Қытайдың бейтараптық ұстанымына қатысты пікір білдірді
Қазақстан: қар жауып, көктайғақ болады

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Қазақстан: 18 мамырға арналған ауа райы болжамы

    Ертең, сәрсенбі, 2022 жылғы 18 мамырда ел аумағ...
  • Ұлттық музей: Арыстанбек Мұхамедиұлының өлімі туралы ақпарат жалған болып шықты

    Қазақстан Ұлттық музейінің директоры тірі және ...
  • Мамыр айында Германия Украинаға шамамен 2,5 мың гранатомет жіберді

    Германия билігі биыл мамыр айында Украинаға гер...
  • Украина Қорғаныс министрлігі «Азовстальдан» әскерилердің шығарылуына қатысты пікір білдірді

    Украинаның Қорғаныс министрлігі «Азовсталь» зау...
  • «Азовстальдағы» 256 украиналық әскери тұтқынға берілді

    Хабарланғандай, «Азовстальдағы» 256 украиналық ...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
     

    Загружаются Комментарии...
     

      %d такие блоггеры, как: