Батыс елдерінің өкілдері Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады

Батыс елдерінің өкілдері Украинаға қатысты Ресеймен диалог форматын әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатыр.

Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен, Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан және Ұлыбритания Элизабет Трасспен Украина төңірегіндегі жағдайды және Ресеймен алдағы диалогтың форматын талқылады.

Бұл туралы ГФР сыртқы саяси ведомствосының бейсенбі күні Twitter-дегі парақшасында жарияланған мәлімдемесінде айтылған.

«Бүгін кешке [ГФР] сыртқы істер министрі Анналена Бербок өзінің әріптестері Жан-Ив Ле Дриан, [Ұлыбритания] Элизабет Трасс және мемлекеттік хатшы Энтони Блинкенмен Украинамен шекарадағы жағдай және Ресеймен алдағы диалогтың форматы туралы пікір алмасты.

Добавить комментарий