Батыс елдері Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Қазақстан көпжақты қарым-қатынасты орнатуды жақтайтын елдердің бірі. Қазақстан билігі кез-келген ел, көлемі мен күшіне қарамастан, күрделі мәселелерді өз бетімен шеше алмайды деп есептейді. Сондықтан аңсаған тәуелсіздікті алғаннан кейін Қазақстан сыртқы саясатында көпвекторлы бағытты таңдады. Сол кезде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев көпвекторлы сыртқы саясат ұғымын «сыртқы саясатымызды теңдестіру әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және Орта Азиядағы ел үшін практикалық қызығушылық туғызатын барлық мемлекеттермен достық және болжамды қарым-қатынастарды дамыту дегенді білдіреді» деп айқындады. Дамудың қазіргі кезеңінде ҚР сыртқы саясатында ештеңе өзгермеді, кез келген елмен өзара тиімді және берік қарым-қатынас орнатуға тырысады. Әсіресе, Нұр-Сұлтан инновация, технология, инвестиция көзі болып табылатын дамыған, негізінен батыс елдерімен ынтымақтастығын нығайтуда.

Орталық Азия мемлекетінің Батыс елдерімен ынтымақтастық орнатуға деген ұмтылысы соңғы жылдары Ресейдің сыртқы саясатын агрессивті жүргізуімен байланысты, Мәскеу Батыспен қақтығысып, соның салдарынан бір-біріне санкция салып жатыр. РФ-ға қарсы салынған санкция ҚР экономикасына да кері әсер етіп жатыр, себебі Ресей мен Қазақстан арасындағы экономикалық процестер тығыз байланысты болып қалды. Сондықтан Ресейге қарсы санкция салынып, инфляция және девальвация болғанда, ол Қазақстанға да әсер етеді.

Батыс елдері Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарындағы тағы бір триггер ЕАЭО аясындағы қос елдің ынтымақтастығы болып табылады. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның ЕАЭО-ға мүшелігі экономикалық тұрғыдан тиімсіз, себебі ел ресейлік тауарларды сату алаңына айналды. Мәскеу қазақстандық экспорттаушыларға қарсы бағытталған протекционистік саясатты қолдануда. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «локдаун кезеңінде ЕАЭО-да сауда кедергілерінің саны артты». Бұл шектеулер сауда-экономикалық қатынастардың дамуына зиян келтiредi.

Сондай-ақ Ресей экономикалық одақты саясиландыруға тырысып, оны геосаяси амбицияларын қанағаттандыру үшін пайдаланады. Осындай геосаяси мақсаттардың бірі посткеңестік кеңістіктегі елдерге ықпалын кеңейту болып табылады. Қазақстан Ресейдің ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы ұсынысын қабылдамауы таңқаларлық жайт емес, себебі Мәскеудің Қазақстанға қатысты саясаты дәйектілігімен және болжамдылығымен ерекшеленбейді.

Батыс елдері Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан «жас» мемлекет болып, аздаған елмен қарым-қатынас орнатты, бүгінде тәуелсіз Қазақстан — қуатты, ерекшеліктері мен ұстанымы бар табысты мемлекет. Бүгінгі таңда Қазақстан экономикалық әлеуеті мол ел, ал Орталық Азия әлемдегі маңызды аймақтарының бірі болып отыр. Сондықтан Қазақстан мен Батыс елдерінің ынтымақтастығы жемісті болады.

Добавить комментарий